2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДАР



Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдаудың және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша, Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Алматы қалалық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында Бостандық ауданы әкімі аппаратымен атқарылған жұмыстар туралы ақпарат


Осы іс-шаралар Жоспары тармақтарының жүзеге асыру барысында Бостандық ауданында келесі шаралар өткізілді.

2 тармақ бойынша. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереженің 4 тармағының талаптарына сәйкес, әдеп жөніндегі уәкілінің негізгі міндеті мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету болып табылады.

Этикалық нормалардың бұзылуын болдырмау, мемлекеттік қызметшілердің этикалық деңгейін көтеру мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл семинарлар түрінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Әдеп жөніндегі уәкіл 13 профилактикалық және ақпарттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді, оның ішінде: 12 семианр мен дәрістер, Отбасы күніне арналған 1 мақала интернет-ресурста орналастырылды.

         Ағымдағы жылдың 18 маусымында әдеп жөніндегі уәкілдің қатысуымен әр қызметкерді этикалық қағидаларды сақтау міндеттілігі туралы декларациямен және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік іссапарларда және қызметтік қажеттіліктер бойынша басқа жерде іссапарларда олардың тұрақты орналасқан жерлерінен тыс жерде жүруі туралы Типтік Ережемен жеке таныстыру ұйымдастырылды.

         Ұжымдағы моральдік-психологиялық климаттың жай-күйін бақылау және этика нормаларын сақтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл тұрақты түрде мемлекеттік қызметкерлерге жасырын сауалнама жүргізеді. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметкерлер арасында 3 анонимді сауалнама жүргізді. Сауалнаманы талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің басшы құрамының этикасына және ұжымдағы моральдік-психологиялық климатқа қанағаттанушылық деңгейін зерттеу бойынша кездесу өткізілді.

         Ағымдағы жыл бойы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасында этикалық нормаларды бұзішылықтар және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.

         21 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының бастапқы парақшасында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асыру жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жоспарды іске асыру бойынша, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдаудың және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының жұмыс жоспарын іске асыру жөніндегі, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру жөніндегі жол картасының орындалуы бойынша, Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпаратты қамтитын, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар фактілері анықталған жағдайда қайда хабарласу туралы құрылымдық бөлімдері бар, сонымен қатар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар" тақырыптық баннер орналастырылған.

«Жаңалықтар» айдарында 28.03.2019ж. аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне өткізіліген «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен реттелетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастар» заңнамаларымен реттелетін нормалар» атты құқықтық жаппай оқыту дәрісі туралы ақпарат жарияланған.

2019 жылдың 02 мамырында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Әкіммен ашық әңгіме» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

2019 жылдың 27 тамызында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Әкіммен ашық әңгіме» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Халықпен өткізілген кездесулер, «Ашық есік күндері», «Адалдық алаңы» аясында өткізілген шаралар аудан әкімі аппаратының интернет-ресурсында, әлеуметтік желілерде, сонымен қатар bostandyq.adaldyq_alany инстраграмм-парақшасында жарияланады.

29 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты АХАТ бөлімімен 2019 жылдың басынан Алматы қаласы бойынша ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бостандық ауданының азаматтарға қызмет көрсету бөлімі қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша бес семинар-сабақ өткізді.

31 тармақ бойынша. Бюджеттер мен есептер жыл сайын БАҚ-нда және Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің интернет-ресурсында жарияланады.

32 тармақ бойынша.Аудан әкімі мен әкім орынбасарларының мүліктері және кірістері туралы мәлімет «Өзіңнен баста» акциясының аясында аудан әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар» тарауында жарияланған.

33 тармақ бойынша. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы көрсету үшін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қосудың жөнділігі туралы ұсыныстар жоқтығына байланысты уәкілетті органға ұсынылған жоқ.

38 тармақ бойынша.«Алматы» телеарнасында сұхбат беруін ұйымдастыруды қамтамасыз ету барысында, 2019 жылдың 02 мамырында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Әкіммен ашық әңгіме» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

2019 жылдың 27 тамызында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Әкіммен ашық әңгіме» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

39 тармақ бойынша.Аудан қызметтерінің өкілдері және аппарат қызметкерлерімен өткізілетін жиындарда мемлекеттік қызметкерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың негативті салдарын жою мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және қолданыстағы заңнамаларда бекітілген нормалар түсіндіріледі.  

Ағымдағы жылдың 15 қаңтары мен 01 ақпаны аралығында аудан әкімінің халықпен өткізген жеті есептік кездесуінде сыбайлас жемқорлықтын көріністеріне "мүлдем төзбеушілік" ахуалын қалыптастыру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сұрақтар талқыланды.

Ағымдағы жылдың 05 қаңтарында «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалында бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, хатшылары және мүшелерінің қатысуымен семинар өтті. Семинарда «Цифрлық партия» жобасын уақытылы әрі сапалы іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу сұрақтары қарастырылды.

11 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Алматы қаласы жоғары оқу орындарының өкілдері, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ-ң және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сарапшылары білім және ғылым саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстардың 1-ші раундын іске асыру барысы талқыланды. Талқылау «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің алаңында өтті, сондай-ақ, жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологияларды енгізуді бағалау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының электрондық платформасы таныстырылды.

11 қаңтарда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Жоғарғы білім беру институтының күндізгі оқу факультеті және техникалық факультетінің 4 курс курсанттарына сыбайлас жемқорлықтын алдын алу және кәсіби-психологиялық даярлығын арттыру бойынша шара өткізілді. Шара барысында заң бұзушылықтың алдын алу жұмыстары мен сыбайлас жемқорлықпен айналысып қолға түскен полиция қызметкерлері туралы бейнероликтер көрсетілді.

25 қаңтарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «ХХІ ғасырдағы ұлттық тарихи сана және қоғамның жаңғыруы» атты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында қойылған міндеттерді шешуге арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу сұрақтары талқыланды.

30 қаңтарда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен оқу-саптық бөліністері, курс бастықтары, орынбасарлары, взвод командирлері мен кезекші бөлім қызметкерлері психологиялық-тәрбиелік жұмыстар бойынша бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді. Жиын барысында курсанттар арасында заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимылы және суицидтің алдын алу, тәрбие жұмысын күшейту сұрақтары талқыланды.

04 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы Д. Таумұрат «Sanaly urpaq», «Алматы – Адалдық алаңы», «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» атты жобалық кеңселер басшыларының қатысуымен брифинг өткізді. Брифинг қатысушыларына білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқартуға, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын және жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған жобаны жүзеге асыру барысу туралы мәлімдеді.

05 ақпанда «Қайнар» университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Алматы қаласы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің отырысына қатысты.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлықпен күреске қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар, маңыздылығы және кәсіпкерлік субъектілердің дамуын ынталандыру мақсатында мемлекетпен кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін қолайлы құқықтық және әлеуметтік шарттарды және кепілдіктерді жасау бойынша өткізілген кешенді шаралар сұрақтары талқыланды.

15 ақпанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылауға арналған кураторлық сағат өтті. Сонымен қатар, қоғамда, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністерге ымырасыз қатынастарын қалыптастыру сұрақтары қарастырылды.

04 наурызда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы ЖООКжҚББИ Жоғары академиялық курстарында «ІІО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша ӨҚБ басқа, басқарма бастықтарының орынбасарлары мен бөлімше бастықтарының біліктілігін арттыру курстары өткізілді. Курс барысында «Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: мәселелері, шешу жолдары» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

14 наурызда «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХХVIII съезінде берген тапсырмалары талқыланды, талқыланған сұрақтардың біреуі сыбайлас жемқорлық көріністеріне және құқықбұзушылықтарына мүлдем төзбеушілік сұрағы болды.

20 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Адал бол – адам бол !» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік форум өтті. Оған Алматы қаласының 38 жоғары оқу орындарының студенттері мен жастар өкілдері қатысты. Іс-шараны ҚазҰУ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен, «Саналы ұрпақ» және «Адалдық алаңы» жобалау кеңселерімен бірлесіп ұйымдастырды. Форум барысында студенттік көшбасшылар шығармашылық түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар тәжірибесімен бөлісті, идеялармен, бастамалармен және жобалармен алмасты.

28 наурызда Бостандық ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында «Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен реттелетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастар» заңнамаларымен реттелетін нормалар» атты аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне кезекті құқықтық жаппай оқыту дәрісі өтті.

04 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның лекциялық тобы «Саналы ұрпақ» жобасы аясында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенттері мен оқытушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – жемқорлыққа қарсы сана мен азаматтардың жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

Сәуірдің 08 мен 13 аралығында ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы ЖООКжҚББИ Жоғары академиялық курстар базасында «Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және есекртудің тиімді тәсілдері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді, негізгі сұрақтардың бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту болды.

26 сәуірде ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы Жоғарғы білім институтының курсанттары ҚР ІІМ КПД Киберқылмыстылықпен күрес орталығының аса маңызды істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Ә.С.Оразалымен кездесті. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашудың ерекшіліктері туралы сұрақтары талқыланды.

29 сәуірде «Тұран» уениверситетінде «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен Рұхани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы констекстіндегі жастар саясаты мен құндылықтық бағдарлар» атты V Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтарды да талқыланды.

02 мамырда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру» тақырыбы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураның магистранттарына интерактивті сабақ өтті.

20 мамырда ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының жеке құрамы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру барысы мен негізгі міндеттері талқыланды.

14-15 маусымында «Тұран» университетінде «Инновациялар мен кәсіпкерлікті дамытуға университеттердің үлесі» атты халықаралық форумы өтті. Іс-шара бағдарламасы «үштік спираль» концепциясы контекстінде университеттерді дамыту үшін маңызды және маңызды көптеген мәселелерді егжей-тегжейлі талқылаудан өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтарды талқыланды.

03 шілдеде №69 ЖББМ базасында «Нұр Отан» партиясының Бостандық аудандық филиалының XXVI кезектен тыс конференциясы өтті. Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің «баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу.» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру кезеңін талқылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу және болдырмауы сұрақтарын талқылады.    

30 шілдеде Бостандық ауданы әкімінің аппараты және «Родник» қоғамдық қоры Алматы қаласының Полиция басқармасымен бірлесіп «Атакент» көрме орталығы аумағында «Адам саудасына қарсы күрес» күніне орай жыл сайынғы акция өткізді. Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу сұрақтардға назар аударылды.

09 тамызда Алматы қаласы әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы аясында, Ерменсай ық.ауд. орналасқан №183 ЖББМ-де аудан тұрғындарына Бостандық ауданы әкімі мен Алматы қаласы Басқармалар басшыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Тұрғындардың барлық қойылған сұрақтарына жауаптар мен түсініктемелер берілді, олардың қарастырылуы бақылауға алынды. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу және болдырмауы сұрақтарға назар аударылды.

05 қыркүйекте ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының клубында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдаудың басымдықтарын түсіндіру мақсатында жиын өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының 2018-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру барысы мен негізгі міндеттері талқыланды.

06 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық және Алматы қалалық филиалымен «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында «Атакент» Сауда орталығында «Мобильді халыққа көмек» көшпелі акция өтті. Шараға аудандық және қалалық жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары қатысты. Акция өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу және болдырмауы сұрақтарын талқылады.     

         10 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де студент жастарына «Экологиялық қауіпсіздік» атты семинар дәріс ретінде өтті. Шара өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу және болдырмауы сұрақтарын талқылады.     

12 қыркүйекте Бостандық ауданы әкімінің үлкен мәжіліс залында шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларын уақытылы орындау мақсатында ауданның шағын және орта бизнес өкілдерімен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын, бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттарын, нәтижелі жұмыспен қамту және «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік, сонымен қатар «Жібек жолы» және «AlmatyBusiness» бағдарламаларын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

30 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық бағдары» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Кездесуде мемлекет басшысы Қаысм-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы конституциялық заңнаманы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Құқық саладағы бірқатар басымдықтар талқыланды, ол – құқық қорғау жүйесін жетілдіру, сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз ету, әкімшілік әділет енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл.

9 қазанда Алматы энергетика және байланыс университет кітапханасының оқу залында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ Алматы қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанды цифрландыру – сыбайлас жемқорлықпен күресудің бірден бір құралы» тақырыбында семинар өтті. Шараның мақсаты қазіргі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен қызметті үйлестіру үшін алаң құру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруді және тәрбиелеуді құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызды факторы ретінде мақсатты бағытта енгізу және кезеңмен дамыту.

10 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің заң факультеті студенттеріне «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастыру» тақырыбында дәріс өткізілді.

25 қазанда ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының Лаңкестікке қарсы мамандарды даярлау орталығында «Терроризм актілеріне қарсы іс-қимыл мәселелері» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, шара өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу және болдырмауы сұрақтарын талқылады.     

12 қарашада халыққы медициналық және әлеуметтік қызметтер туралы хабардарлығын арттыру және тиімді қызмет көрсету мақсатында Бостандық ауданы әкімі аппаратында аудан әкімі орынбасырының төрағалығымен тұрғындарға Әлеуметтік қызметтер порталын іске асыру туралы түсіндіру жұмысы өтті. Кездесу өткізу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу және болдырмауы сұрақтары талқыланды.     

15 қарашада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де еліміздің Тұңғыш Президенті күнінен арналған «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық форумы өтті. Форум ел көлемінде жастардың патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін және зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу және болдырмауы сұрақтары назарсыз қалмады.

21 қарашада ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында Жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру институтының магистранттары «Нұр Отан» партиясы жанындағы Бостандық аудандық филиалы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет Қоғамдық кеңесінің хатшысы А.А.Сюй-Минмен кездесу өтті. Өз сөзінде ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша партияның құрылымдық тиімділігі, азаматтардың әлеуметтік қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау жұмыстарының тиімділігін атады.

27 қарашада «Тұран» университетінде «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдет ғұрып құқығы бойынша халық билігі» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Шара кезінде «құқықтану» мамандығының докторанты Н.Б. Тәукелов баяндама жасады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу және болдырмауы сұрақтары назарсыз қалмады.

         3 желтоқсанда «Nur Otan» партиясының Бостандық аудандық филиалында партия активтерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Саяси кеңес мүшелері мер парламенттік фракция мүшелері, «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалының бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, «Nur Otan» партиясының Бостандық аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу және болдырмауы сұрақтары талқыланды.

12 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан Республикасы және шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері» атты студенттік пәндік on-line олимпиадасы өтті. ҚазҰУ бұл шараны университетінің заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен және «Sanaly urpak» республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырды.

42 тармақ бойынша.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға байланысты тақырыптар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында қазіргі таңда Бостандық ауданы аумағында билбордтар: Тимирязев – Манас, Әл-Фараби – Дулати, Розыбакиев – Жандосов, Сәтбаев – Весновка өзені көшелерінің қиылысында орналастырылған, сонымен қатар Әл-Фараби – Гагарин, Әл-Фараби – Жароков, Сәтбаев – Сейфуллин, Розыбакиев – Қожабеков, Әл-Фараби – Навои көшелерінің қиылысында бейнебилбордтар орналастырылған.

43 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері, қызметтік әдеп ережесі мәселелері, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мәселелері жөнінде бйне-жадынамаларды жолдаған кезде, оларды Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің www.bostandyk.almaty.kz ресми интернет-ресурсына орналастыру қамтамасыз етіледі.

54 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік сұхбатты жолданған кезде, олардың таратылуы қамтамасыз етіледі.

55 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы вайндарды жолдаған кезде, олардың жастар және жастар ұйымдары арасында, әлеуметтік желілерде таратылуы қамтамасыз етіледі.

56 тармақ бойынша. Бейне және аудиороликтер жолданған кезде, олардың әлеуметтік нысандарда көрсетілуі қамтамасыздырылады.

Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, Алматы қаласы бойынша ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының Бостандық ауданының азаматтарға қызмет көрсету бөлімі ғимаратында орналасқан АХАТ бөлімінде мемлекеттік қызметтерді «электрондық портал үкіметі» арқылы электронды түрде алудың тәсілдері жөніндегі видеоролик көрсетілімі орнатылған (видеоролик көрсетілімі Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұсынымы бойынша орнатылды).

57 тармақ бойынша. 2019 жылдың 02 мамырында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Әкіммен ашық әңгіме» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

2019 жылдың 27 тамызында «Алматы» телеарнасында тікелей эфир бойынша «Әкіммен ашық әңгіме» жобасы барысында Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Рахымбетов Алтай Ерғазыұлы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

63 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафонның «эстафета» қағидаты бойынша өткізу кестесі жолданған кезде, тиісті шаралар өткізіледі.

«Адалдық алаңы» акциясы аясында 2019 жылдың 09 тамызында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов Ерменсай шағын ауданында Ашық есік күнін өткізді. Негізгі мәселелер - сумен жабдықтау, жарықтандыру және көшелерді тазарту. Бұған дейін уақытша шара ретінде аудан әкімінің тапсырмасы бойынша су қысымын жоғарылататын қосымша сорғы орнатылды. Қазіргі уақытта Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы сумен жабдықтау желілерін мемлекеттің басқаруындағы суды үздіксіз беру мәселесін қарастыруда. Әкім коммуналдық қызметтерге шағын аудан көшелерінің санитарлық жағдайына ерекше назар аударуды тапсырды.

«Адалдық алаңы» акциясы аясында 2019 жылдың 13-ші тамызында «Bi Kumis» мейрамханасында «Ашық есік күні» өтті. Бұл шараға ауданның 50-ден астам тұрғыны қатысты. Талқыланған сұрақтар- көшелерді жарықтандыру, аумақты абаттандыру және сумен жабдықтау мәселелері.

«Адалдық алаңы» акциясы аясында 2019 жылы 13 тамызында Тұңғыш Президент саябағында «Салам, Нью-Йорк» фильмін ашық аспан астында көру түрінде іс-шара ұйымдастырылды.

«Адалдық алаңы» акциясы аясында 2019 жылы 14 тамызда № 146 мектеп-лицейде аудан тұрғындарымен кезекті «Ашық есік күні» өтті. Кездесуде Комфорт тұрғын үй кешені тұрғындарының жол төсеміне қатысты мәселесі  көтерілді. Жолақтар мен белгілерді сияқты мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, бір жақты жол салу туралы ұсыныстар болды.

«Адалдық алаңы» акциясы аясында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов бүгін 2019 жылдың 15 тамызында  Нұр-Алатау шағын ауданы тұрғындарымен № 189 орта мектепте «Ашық есік күнін» өткізді. Кездесу барысында газ және сумен қамтамасыз ету мәселесі, көшенің санитарлық жағдайы, бос жүрген иттерді аулау, сонымен қоса, интернетке қол жеткізудің өзекті  мәселесі талқыланды. Тұрғындармен аула мен көшелерді көріктендіруге қатысты түсіндiру жұмыстары жүргiзiлдi. Сондай-ақ, бос жүрген иттерді  аулау мәселесі мен коммуналдық қызметтердің жұмысын күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

2019 жылдың 21 тамызында «Адалдық алаңы» акциясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және барлық қызметкерлердің заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі туралы ескерту мақсатында №12 қалалық емхана ШЖҚ МКК мәжіліс залында «сыбайлас жемқорлықсыз медицина» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында қызметкерлерге пара беру және алу салдары түсіндірілді және емханада сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілік атмосферасын құру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

2019 жылдың 22 тамызында «Адалдық алаңы» акциясы аясында И.А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, адалдық, парасаттылық қағидаларын қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Осы іс-шарада кітапхана оқырмандарына сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша кең ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тарту негіздері түсіндірілді.

         Ағымдағы жылдың 22 тамызына Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты ғимаратында «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы аясында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Д. А. Мурзинның төрағалығымен Бостандық ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы және 34 аудан кәсіпкерлерінің өкілдерінің қатысуымен жиылыс өтті. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтықты қамтамасыз ету. Кәсіпкерлер көкейінде жүрген өздерін қызықтыратын сұрақтарға, атап айтқанда мемлекеттік қолдау, мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар бойынша қажетті түсініктеме және кеңес алуға мүмкіндік алды.

2019 жылдың 27 тамызында Бостандық ауданы әкімі аппаратының ғимаратында "Адалдық алаңы" жобасы аясында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес"тақырыбында кезекті құқықтық оқыту өткізілді. Құқықтық жалпы оқу шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы заңнама нормалары түсіндірілді.

27.08.2019 жылы «Адалдық алаңы» жобасы аясында Бостандық ауданының әкімінің аппаратының АХАТ бөлімі басшысы Ф.Абсаттарова ауданда орналасқан мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне және аудан тұрғындарының парасаттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес АХАТ бөлімінің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықты алдын алу және парасаттылыкты арттыру мақсатында дәріс өткізді.

         2019 жылдың 27 тамызында Бостандық ауданы әкімі аппаратының ғимаратында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында кезекті құқықтық оқыту өткізілді. Құқықтық жалпы оқу шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы заңнама нормалары түсіндірілді.

         2019 жылдың 10 қыркүйегінде «Бостандық ауданы - Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ашық есік күні» өтті. Бұл шараға ауданның 45-тен  астам тұрғыны қатысты. Талқыланған сұрақтар- көшелерді жарықтандыру, аумақты абаттандыру және сумен жабдықтау мәселелері.

         2019 жылдың 14 қыркүйегінде «Бостандық ауданы - Адалдық алаңы» жобасы аясында аудан аумағында ПИТК өкілдерімен, заңды тұлғалар, мердігерлер, ЖОО және АООО-ның студенттері қатысуымен жергілікті сенбілік өтті. Аталған іс-шараға 70 адам қатысты. Әр адам қала тазалығына үлес қосты.

         2019 жылдың 17 қыркүйекте «Бостандық ауданы - адалдық алаңы» жобасы аясында 22 гимназияда «Ашық есік күні» өтті. Аталған іс-шарада аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Ең көп талқыланатын мәселелердің бірі - тұрғын үй мәселері, ауданды абаттандыру, құқықтық тәртіпті бұзу. Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тиісті түсініктемелер берді.

2019 жылдың 24 қыркүйегінде «Бостандық ауданы - Адалдық алаңы» жобасы аясында № 68 гимназияда «Ашық есік күні» өтті. Аталған іс-шараға 40-тан астам адам қатысты. Ашық есік күні Бостандық ауданының тұрғындары үшін әкімге сұрақ қоюға жақсы мүмкіндік береді. Барлық айтылған мәселелерді жауапты қызметтер зерделейді және тиісті шаралар қабылданатын болады.

2019 жылдың 25 қыркүйегінде «Бостандық ауданы - Адалдық алаңы» жобасы аясында кәсіпкерлекті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Д.А. Мурзинның төрағалығымен Бостандық ауданының кәсіпкерлерімен кеңес өтті. Кездесу барысында жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жібек жолы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 бағдарламасы» бағдарламалары аясында мемлекеттік қолдау туралы айтылды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат нормалары түсіндірілді.

2019 жылдың 25 қыркүйегінде «Бостандық ауданы - Адалдық алаңы» жобасы аясында Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Б. Алиярова «Отбасы күні» мерекесіне арналған іс-шара өткізді. Аудан әкімі аппаратында осы іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарын тәрбиелеу, отбасылық өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру, жұмыс пен отбасы арасында жемісті ынтымақтастық орнату болып табылады. Іс-шара барысында Б. Алиярова мемлекеттік қызметшілердің туыстарын аудан әкімі аппаратының құрылымымен, еңбек жағдайымен, мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысымен таныстырды, сондай-ақ, олардың тәрбиесіне ерекше үлес қосқан үлгілі мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарын атап өтіп, оларды ынталандыру мақсатында Бостандық ауданы әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

2019 жылдың 28 қыркүйегінде «Бостандық ауданы-адалдық алаңы» жобасы аясында Үлкен Алматы көлінің аумағында кезекті жергілікті сенбілік өтті. 50-ден астам адам қатысты. 5 арнайы техника жұмылдырылды. 40 текше метр қоқыс (жапырақтар, ағаштар, кездейсоқ қоқыстар) шығарылды.

2019 жылдың 2 қазанында «Бостандық ауданы-Адалдық алаңы» жобасы аясында № 10 жалпы білім беру мектебінің акт залында Бостандық ауданы әкімі және аудандық құрылымдық бөлім басшылары  тұрғындармен  кезекті «Ашық есік күнін»  өткізді. Бұл жолы тұрғындар ауланың ішін абаттандыру, жасыл желекті санитарлық кесу, көшелерді жарықтандыру туралы сұрақтар қойды. Кездесуде қойылған барлық сұрақтарға түсініктемелер мен ұсыныстар беріліп, сұрақтар шешімін табу үшін аудан басшылығының қарауына және бақылауына алынды.

Ағымдағы жылдың 05 қазан күні Үлкен Алматы өзенінің жағалауында Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Бостандық ауданы-Адалдық алаңы» жобасы аясында жергілікті сенбілік өтті. Іс-шараға Бостандық ауданының әкімі А.Рақымбетов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Алшанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Біржанов, жасыл желекті қорғау мәселелерін назардан шығармай, белсенділік танытып жүрген аудан тұрғыны С.Ташимова, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Барлығы 500 астам адам атсалысты.  Акция барысында 250 дана ағаш отырғызылып, 150 куб қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 23 дана арнайы техника жұмылдырылды. 

2019 жылдың 8 қазанында «Бостандық ауданы-Адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақфильм шағын ауданында орналасқан № 70 мектеп қабырғасында қабылдау өткізілді. Аталған іс-шараға 70-тен астам аудан тұрғындары қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап ала алды. Сауалдардың басым көпшілігі ПИК қызметіне қатысты болды.

«Бостандық ауданы-Адалдық алаңы» жобасы аясында Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, қала тұрғындарының және қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған Үлкен Алматы көлінің жағалауында тазалық акциясы өткізілді. Аталған іс-шараға 100 астам адам қатысып, 100 ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, табиғатты қорғауды насихаттайтын арнайы билборд орнатылып, барша жұртшылыққа қоршаған ортаны күтіп ұстау туралы парақшалар таратылды.

         Ганди атындағы №92 лицейдің қабырғасында «Бостандық ауданы-Адалдық алаңы» жобасы аясында «Ашық есік күні» өткізілді. Тұрғындарды қабылдау барысында барлығы 10 астам сұрақтар келіп түсті.

         «Бостандық ауданы - Адалдық алаңы» жобасы аясында Бостандық ауданы ауруханаларының қызметкерлері егде жастағы адамдарға арналған «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. «Ашық есік күні» іс-шарасында тар мамандар мен учаскелік дәрігерлермен медициналық көмек және диагностика көрсетілді.

         «Бостандық ауданы - Адалдық алаңы» жобасы аясында Көктем-1 шағын ауданында орналасқан № 138 мектеп қабырғасында тұрғындарды қабылдау өткіздім. Келіп түскен сұрақтардың басым бөлігі қабылдау барысында шешілді. Уақыт талап ететін кейбір мәселелер бойынша жұмыс атқаратын боламыз.

         «Бостандық ауданы - Адалдық алаңы» жобасы аясында медициналық ұйым қызметкерлері Бостандық ауданының Құрметті емделушілерінің қатысуымен алғашқы дөңгелек үстелдер өткізілді. Іс – шараның мақсаты-қарт азаматтардың дене және психологиялық кедергілерін жеңу үшін қозғалыс белсенділігін қалыптастыру. Дөңгелек үстел қонақтары үшін егде адамның тамақтану ұстанымдары, Белсенді ұзақ өмір сүру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дене шынықтыру сабақтарының элементтері, тыныс алу гимнастикасы, көз гимнастикасы және т. б. көрсетілді. Сабақ соңында туындаған сұрақтар мен тақырыптарды талқылау ұйымдастырылды, сондай-ақ егде жастағы науқастар өздерінің әсерлерімен, идеяларымен, пікірлерімен және тілектерімен бөлісті.

Ағымдағы жылдың 29 қазанында "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Бостандық ауданы әкімінің аппараты М. Мақатаев атындағы № 140 гимназияда кезекті «Ашық есік күнін» өткізді. Ауданның тұрғындарымен кездесуді аудан әкімінің орынбасары және аудан әкімі аппаратының басшысы мен бөлім жетекшілері жүргізді. Шараға 10 аса тұрғын келді, олар ПИК-ің жұмысын қанағаттанарлықсыз, ауланы, тротуарлар мен жолдарды жөндеу, тұрғын үй қатынастары және көшелерді жарықтандыру сияқты сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға түсініктемелер мен ұсыныстар беріліп, шешімін табу мақсатында сұрақтар аудан басшылығының қарауына және бақылауына алынды.

05 қарашада "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында ауданымызда орын тепкен № 51 мектеп-гимназияның қабырғасында "Ашық есік күндері" аясында тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдау өткіздім. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары, коммуналдық қызметтер және тұрғындар қатысты. Келіп түскен өтініш-арыздар бойынша шұғыл шаралар қабылданатын болады.

12 қарашада "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Бостандық ауданы әкімінің аппараты О. Жандосов атындағы № 105 гимназияда кезекті «Ашық есік күнін» өткізді. Ауданның тұрғындарымен кездесуді аудан әкімінің орынбасарлары және бөлім жетекшілері жүргізді. Шараға 10 тұрғын келді, олар ПИК-ің жұмысын қанағаттанарлықсыз, ауланы, тротуарлар мен жолдарды жөндеу, тұрғын үй қатынастары және көшелерді жарықтандыру сияқты сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға түсініктемелер мен ұсыныстар беріліп, шешімін табу мақсатында сұрақтар аудан басшылығының қарауына және бақылауына алынды.

№29-балалар кітапханасында 14-қараша күні "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты №40 мектептің  9-10-11 сынып оқушыларымен  дөңгелек  үстел  ұйымдастырылды. Мақсаты: 1.Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; 2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді; 3. Патриоттық тәрбие қалыптасады;

19 қарашада "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Бостандық ауданы әкімінің аппараты №23 гимназияда кезекті «Ашық есік күнін» өткізді. Келіп түскен сұрақтарға жауап беріліп, мәселелер оңтайлы шешімін тапты.

26 қарашада "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Бостандық ауданы әкімінің аппараты №94 гимназияда кезекті «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен аудандық қызметтердің өкілдері қатысты. Келіп түскен барлық сұрақтар бақылауға алынды.

03 желтоқсанда "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Бостандық ауданы әкімінің аппараты №21 гимназияда кезекті «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен аудандық қызметтердің өкілдері қатысты. Келіп түскен барлық сұрақтар бақылауға алынды.

04 желтоқсанда "Бостандық ауданы-адалдық алаңы" жобасы аясында мемлекеттік-құқықтық бөлім басшысы Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлеріне "Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" тақырыбында құқықтық оқу өткізді.

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында "Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Бостандық ауданы әкімінің аппараты № 93 гимназияда кезекті «Ашық есік күнін» өткізді. Келіп түскен барлық арыз-өтініштерге толыққанды жауап беріліп, оңтайлы шешім шығарылатын болады. Қабылдауға аудан әкімімен бірге орынбасарлары, бөлім басшылары, аудандық коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысуда.

"Бостандық ауданы - адалдық алаңы" жобасы аясында Бостандық ауданындағы №29-шы  Балалар кітапханасында  13-желтоқсанда «Жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел болып өтті. Бұл іс шараға №40-шы мектептің  жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: 1. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру; 2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту; 3. Патриоттық тәрбиені қалыптастыру.

Барлық шаралар өткізілген сайын bostandyq.adaldyq_alany инстраграмм-парақшасында жарияланады.

65 тармақ бойынша. Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының: http://bostandyk.almaty.kz сайтында жоспарлау және бюджеттік қаражаттардың игерілуі туралы мәліметерді орналастыру үшін арнаулы тарулардың жасалуы және толтырылуы қамтамасыздырылған.

67 тармақ бойынша. 2019 жылдың 25 қыркүйегінде Бостандық ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Б. Алиярова «Отбасы күні» мерекесіне арналған іс-шара өткізді.

Аудан әкімі аппаратында осы іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарын тәрбиелеу, отбасылық өзара сыйластық қарым-қатынасты қалыптастыру, жұмыс пен отбасы арасында жемісті ынтымақтастық орнату болып табылады.

Іс-шара барасында Б. Алиярова мемлекеттік қызметшілердің туыстарын аудан әкімі аппаратының құрылымымен, еңбек жағдайымен, мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысымен таныстырды, сондай-ақ, олардың тәрбиесіне ерекше үлес қосқан үлгілі мемлекеттік қызметшілердің ата-аналарын атап өтіп, оларды ынталандыру мақсатында Бостандық ауданы әкімінің алғыс хатымен марапаттады, атап айтқанда: коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Жанат Ербакранұлы Джаксыбаевтың ата-анасы Джаксыбаев Ербакран Төлегенұлы және Дузбаева Роза Түсіпжанқызы; көріктендіру бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Нұрланұлы Оразымбетовтың ата-анасы Оразымбетов Нұрлан Қайратұлы және Төрекұлова Шолпан Құралқызы; әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Қарлығаш Рахымжанқызы Сәдібектің ата-анасы Сәдібеков Рақымжан Анарбекұлы мен Исабаева Рабиға Зарқымбекқызы.

68 тармақ бойынша. Ағымдағы жылдың 21 маусымында Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу аясында аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында салтанатты іс-шара өткізілді. Лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін төрт мемлекеттік қызметкер аудан әкімінің құрмет грамотасымен марапатталып, үш мемлекеттік қызметкерге алғыс хат табысталды.

70 тармақ бойынша. Сыбайлас жемқорлық жөніндегі Ұлттық баяндама туралы ақпарат уақытылы Алматы қаласы әкімдігіне жолданылады.

78 тармақ бойынша. Бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері бюджетті жасақтаудың қатысушылары болып табылады. Бюджетті жоспарлау мен жүзеге асырудың барлық сатыларында жауапты бюджеттік бағдарламаларына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жауапты. Жергілікті бюджет республикалық бюджет бекітілгеннен кейін 2 апталық мерзім ішінде бекітіледі. Бюджет кодесіне сәйкес, бюджеттің уақытылы жасақталуы мен жүзеге асырылмауына жазалау шаралары қарастырылған.