Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Білім беру БІЛІМ БЕРУ



ҚАУ


Алматы  қаласы, Торайғыров көшесі, 29 үй
Байланыс  тел. +7 (727) 229 18 03

  Қазақстан-Американ университеті  жанындағы мектеп қазақстандық    американдық (Senior High School)  мектептер  моделіне  сай , мектеп 1998  жылдан бері жұмыс жасайды  (мемлекеттік лицензиясы №0008285)  және 2003ж ЮНЕСКО  қауымдастырығмен құрылған. 2006–2007  оқу жылынан бастап қазақ тілінде  оқытылатын 1 сынып ашылды.

 Мектептің негізгі мақсаты мен міндеттері:
— оқушының жеке тұлғасы мен потенциалын ашу;
— оқуға ынта қарқынды дамыту;
— жеке ой өрісі мен ойын еркін жеткізуді дамыту, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, тығыз қарым қатынас жасау,құрметтеу;
— интеллектуалды,шығармашылықты ойлау қабілетін дамыту, АУ оқуға Америкада тәжірбие алуға ағылшын тілінде дайындау 
— Қазақстан мен шет елдердің беделді жоғары оқу орындарында білімдерін жалғасытруға, АҚШ-та  ағылшын тілінде тәжірбие алуға  оқушыларды дайындау;
— ҚАУ үздіксіз оқу-әдістемелік процессін  ағылшын тілінде құру.

 ҚАУ жанындағы мектепте білімнің барлық сатысы бар:
 — мектеп алды дайындық  (5–6 жастарға)  — 0 сынып
 — Бастауыш сынып — 1–4 сынып
 — негізгі сынып — 5–9 сынып
 — жоғары сынып — 10–11 сынып

 Мектеп алды және бастауыш сыныптарда  оқу тәрбие жұмысы жаңа  педагогикалық  технологияны қолдану арқылы    тереңдетіле  екі тілде: қазақ және орыс тілінде жүргізіледі.

     7 сыныптан бастап оқу 3 профильде жүргізіледі:
— гуманитарлық;
— экономикалық;
— табиғи-технологиялық.

     ҚАУ жанындағы мектепте қабырғасында  келесі  секциялар  жұмыс жасайды «БСС» («ИЗО»), «Хореография», «Домбра», «Фортепиано», «Шахмат», «Каратэ».