Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Білім беру БІЛІМ БЕРУ



Қазақ - Индия орталығы


Казақстан- Үнді Орталық оқу курстары мен бағдарламасын келесі талапкерлерге ұсынады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі NIІT халықаралық сертификаты берілетін  ақпаратты технология  (IT) білім беру туралы.

Қазақстан Республика аумағындағы жетекші университеттің бірі Әл-Фараби атындағы Казақ Ұлтттық Университеті және ақпаратты білім беру саласындағы әлемдегі басшы Үнді транснационалдық корпорациясымен қоса КазҰУ-ң қарамағында жаңа Қазақстанды Үнді Ақпаратты Технологиялық оқу орталығы ашылды. Бұл Орталық Азия төңірегіндегі бірінші оқу орталығы. ТМД елдерінде бұндай орталықтардың саны 4-у ғана. Олар Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті, Томскідегі Политехникалық институты, Киев қаласындағы Ұлттық Авиация Университеті және Харьков қаласындағы Ұлттық Техникалық Университеті.
           Қазақстанды Үнді Ақпаратты Технология Орталығының басты мақсаты ақпаратты технология саласындағы (IT) кәсіпкқой мамандарды дайындау, мамандарды қайта дайындықтан өткізу, жүйелік дайындықтың дамуын арттыру және болашақ кәсіпкой мамандарды дайындау.

Казақстанды Үнді Орталықтың оқу курстары мен бағдарламасы  келесі талапкерлерге ұсынады:

  • Жоғары Оқу Орындарына түспеген талапкерлерге;
  • IT секторында еңбек мансабын көтерем деуші орта және жоғары білімді азаматтарға;
  • IT бөліміндегі компаниялар мен фирмалардың қызметкерлері  білімдерін тереңдете көтерем деушілерге;
  • IT ұстаздарына;
  • IT секторындағы мансаптарын өсірем деген тәлімгерлерге.

Қазақстанды Үнді Ақпаратты Технология Орталығындағы білім алу Жоғары Оқу Орындарының оқу бағдарламасын толықтырады. Осы орталықта білім алған тәлімгер практика жүзінде білімдерін қолдана алады, сонымен қатар олар жаңа заманға сай ақпаратты құралдарды пайдалану әдісімен танысып меңгереді.
      Қазақстанды Үнді Орталығында білім алудың 2 түрі ұсынылған:
1. Ұзақ мерзімдегі курс ( 1,2,3 жылдық);
2. Қысқа мерзімді курсы ( сертификация беріледі).
Курстардың соңынан сертификация немесе халықаралық NIIT дипломы беріледі. Бұл диплом дүниежүзілік деңгейде бағаланады.
          Қазіргі таңда NIIT 44 мемлекеттердегі 3000 оқу орталықтарының ішінен аса ауқымды жүйенің жұмыс жасауын қамтиды,сонымен қоса мыңнан аса бизнес әріптестерімен  қызметтестік жасайды. Әлемге әйгілі  Microsoft, Oracle, IBM, Computer  Associates және  Citrix  компанияларымен стратегиялық байланыста тұрады.
Жалпы алғанда NIIT-ің оқу бағдарламасымен курсын тыңдаушылар саны өсіп, 2 миллионға жетті. Білім беру жетілдірілген компьютер сыныптарында және мамандандырылған жоғары дәрежелі ұстаздардың басқаруымен сабақ өтеді. Ұстаздар NIIT-тің ережесі құрылған әдістемелік және оқу құралдарына сай оқытады. Оқыту барысында  Web-портал мен дистанциондық оқыту әдістерін қолданады. Оны “www. Net Varsity.com” сайтынан білуге болады.