2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

04.03.2020

Алматы қалалық ТЖД ашық есік күнін өткізді


Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында төтеншеліктер 3 мың тұрғынға ашық есік күнін ұйымдастырды.

 

Алматылық құтқарушылар азаматтық қорғаныс күні аясында тұрғындарға авариялық-құтқару техникалары, өрт-техникалық құрылғылары мен өрт сөндіру жабдықтарын көрсетті. Жиналғандарға еріктілер тобы алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сағатын өткізді.

 

Оқушылар арнайы тренажер-симулятордағы жер сілкінісі кезінде нақты тербелуді сезініп, құтқарушылардың ең жоғары өрт көтергішімен 90 метрге дейін биіктікке көтерілді. Сонымен қатар, ашық есік күніне келген студенттер мен оқушылар, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың заманауи жабдықтарымен танысты, олар 37 метрлік (10 қабаттан) құтқаруға арналған өрт баспалдағымен көтерілді. 


Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай іс-шара жыл сайын ұйымдастырылады.Тұрғындарға сала мамандары төтенше жағдай болған кезде не істеу керектігін үйретеп, көрсетті.

 Айта кету керек, 2019 жылы қала аумағында 664 өрт болды. Онда 72 адам құтқарылып, 639 адам эвакуацияланды, 2020 жылдың екі айында 56 адам төтенше жағдайлардан эвакуацияланды, 3 адам құтқарылды.


 

04.03.2020