Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

05.03.2019

Алматыда Жақсылық жасаудан жарысайық!» атты қайырымдылық шарасы өтті


Алматыда «Жақсылық жасаудан жарысайық!» атты қайырымдылық шарасы өтті. Көпбалалы отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі ата-аналар мен балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған игілікті іске «Бизнес бастау» кәсіпкерлік мектебі ұйытқы болды.

   

Игі шара нәтижесінде 700-ден астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді. Марафон бойынша жас кәсіпкерлер 2 млн теңге жинады. Бұл ақша 20 көпбалалы отбасына қаржылай және 40 жанұяға материалдық көмек ретінде таратылды. 

   

Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі сәбилердің еміне де қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, осындай көмекке мұқтаж отбасылардың арнайы тізімі белгіленіп, жас кәсіпкерлер алдағы уақытта оларға да қол ұшын созбақ.

 

05.03.2019