2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

07.05.2020

Ұлттық банк Жеңістің 75 жылдығына коллекциялық күміс монета шығарады


Ұлттық банк Жеңістің 75 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға шығарады. Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

 

Банк мәліметінше; 2020 жылғы 27 наурызда номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік МН25 мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан "Жеңіске 75 жыл" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

"Қазақстан Республикасында жарияланған төтенше жағдайға байланысты монеталарды сату кейінірек жүзеге асырылады. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша ақпарат орналастырылатын болады".

"Жеңіске 75 жыл" монетасының графикалық композициясының негізінде соғыс әкелген алапатты сипаттайтын қабырғаның бөлінген жарығы аясында кеңес жауынгерінің стиліндегі бейнесі бар. Алдыңғы жағында мәңгілік оттың бейнесі, оның жалынынан жер бетіндегі бейбітшілік үшін совет жауынгерлері өмірлерінің нышаны іспеттес көгершіндердің көкке самғаған бейнесі көрсетілген.

Композицияның оң бөлігінде қалампыр гүлінің стильдендірілген бейнесі. Жоғары бөлігінде - мерейтойлық даталарды бөліп тұрған және жауынгердің бейнесін ұстап тұрған бес қырлы жұлдыз бейнеленген.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 500 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық төлемдері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазылуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Күмістен дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар арнайы полиграфиялық орамда шығарылады.



07.05.2020