2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

08.05.2020

Алматыда Жеңіс күні мәдени-көпшілік шаралар өткізілмейді


Алматы қаласында Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар енгізілген төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты өткізілмейді

Коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Алматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб тұрғындарға адамдар көп жиналатын жерлерге, мемориалдар мен зираттарға барудан бас тартуға шақырады. 

Бұл ұсыныс 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне де қатысты айтылған. «Біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі мәңгілік. Біздің соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін осы айтулы күн – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтағым келеді және оларға мықты денсаулық, ашық аспан тілеймін. Осы жыл – мерейтой жылы, яғни фашизмді жеңген Ұлы Жеңіске 75 жыл, әрине, біз оны лайықты қарсы алуға дайындалғанбыз. Бірақ өкінішке қарай, ол әлемдегі осындай қорқынышты төтенше жағдайға сәйкес келді. 

Осыған байланысты, барлық қалалықтардан, бірінші кезекте аға буын өкілдерінен саябақтар мен скверлерге барудан бас тартуларыңызды сұраймын. Өйткені, дәл қазіргі жағдайда олар қауіптің алдында тұр, сондықтан да қалалықтардан ардагерлермен кездеспеуін сұраймыз», – деп атап өтті Алматы қаласының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб төрағасының орынбасары Ерлан Қожағапанов. 

Сондай-ақ, ол азаматтар көп жиналатын жерлерде Полиция департаменті тарапынан жаяу және автомобильді патрульдеу күшейтілетінін жеткізді. Осыған байланысты, кезекті рет азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды мүлтіксіз сақтау туралы еске саламыз. Бұл талаптарды елемеу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартатынын ұмытпаған жөн.



08.05.2020