Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.03.2019

Алматыда Ashyq Júrek қайырымдылық акциясы бастау алды


Жастар жылы аясында Алматыдағы еріктілер тобы мұқтаж жандарға көмектесу және қоғамды әлемдік проблемаларға тарту мақсатымен «Ashyq Júrek» атты жаңа қайырымдылық жобасын бастады.

Жоба 8 бағыт бойынша жұмыс жасайды, олардың әрқайсысында өз атауы бар: Ólkem, Shabytym, Otbasym, Tabysym, Jіgerіm, Qulynym, Kúsh - qýatym және Qazynam.

Осы бағытта  еріктілер лигасының студенттері мен мектеп оқушылары үлкен және аз қамтылған отбасыларға, қарттар мен ардагерлерге, мүгедектерге, балалар мен студенттерге арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға, медициналық еріктілерді дамытуға және жануарларға қатал қарау, жануарларға күтім жасау, баспанамен көмек көрсету және т.б. проблемаларға қоғамның назарын аударуға көмектеседі.

Жобаның идеялық шабыттандырушысы «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының төрағасы - Айсұлу Ерниязова, ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстандағы жастар жылының ашылуында осы бастаманы айтқан болатын.

Айсұлудың айтуынша, жоба 8 бағыт бойынша наурыздан  қараша айына дейін жұмыс істейтін болады. Осы мақсатта әр түрлі қоғамдық салалардағы демеушілер мен серіктестер тартылиақ. Бағдарламаның басталуы мен аяқталуы   салтанатты шерумен өтеді. «Біз бұл жұмысты жүйелі түрде жасауға, демеушілерді тартуға және кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға тырысамыз. Содан кейін - бұл тәжірибені өңірлерге кеңейтуге  бағыттаймыз»,-дейді.

Біз сіздерді   бірге жұмыс істеуге шақырамыз, біз осы жұмыстың операторы болуға дайынбыз және   еріктілер жауапкершілікті өз қолына алады », - деді Айсұлу Ерниязова. Оның сөзіне қарағанда, аталған әр бағытқа бұрын ірі жобаларда жұмыс істеген тәжірибелі еріктілер Лигасының үйлестірушілері: ЭКСПО-2017, Универсиада-2017, Алматы марафоны және басқалары жауапты.

Өтініштер «Осы өмірді мейірімге толтырайық» деген ұранмен кез келген азаматтан қабылданады. Шара 15 қараша күні Дүниежүзілік қайырымдылық күні үлкен шерумен аяқталады, оған көмек көрсетілген адамдар да қатысады.

Айта кету керек, Алматы қаласының Еріктілер Лигасы 4 жылдан бері жұмыс істеп келеді және оның құрамында 5 мыңнан астам адам бар.


12.03.2019