Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.10.2019

Алматыдағы Жандосов көшесі 6 жолақ болып кеңейтіледі


Алматы билігі қала көшелерінде қандай өзгерістер жасайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Алматы әкімдігінде өткен баспасөз брифинг барысында айтылды.

Атап айтқанда, Жандосов көшесі кеңейіп, BRT екінші кезегіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Саин көшесі ұңғыланып созылатын болды. «BRT бірінші кезеңінде Жандосов көшесінің Сүлейменов пен Үлкен Алматы өзеніне дейінгі бөлігі қалып қойған болатын. Шамамен 1 шақырым жол еді. Бұл учаскеде жоспар бойынша жолдың енін кеңейту көзделген. Аталған бөлікте жол қозғалысы 6 жолақта жүргізіледі. Нақтырақ айтқанда, көшенің оң жағы кеңейтіледі. Сол жердегі үйлердің 90%-ы сатып алынды. Болашақта олар сүріледі», - деді қалалық Мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан.

Оның айтуынша, BRT желісінің екінші кезеңі Тимирязев-Желтоқсан көшелерінің қиылысынан Құлжа тас жолындағы Жетісу базарына дейін 13 шақырымға созылады. «Саин көшесі Рысқұлов пен Мөңке би көшелерінің аралығына дейін 3,2 км созылатын болды. Осы мақсатта жекеменшік иелерінен жер учаскелерін сатып алу көзделген. Қазір бағалау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жұмыстар 2020 жылға дейін аяқталуы тиіс болатын. Алайда барлығы қаржыландыруға, жер учаскелерін сатып алу ұзақтығына байланысты», - деді Ернұр Әбжахан.




 

12.10.2019