2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

13.03.2020

Алматыда JasylAlmaty акциясы аясында 300 мыңнан астам ағаш отырғызылады


Биыл Алматыда #JasylAlmaty акциясы аясында 330 мың түп ағаш отырғызылмақ.

Алматы экологиясына немқұрай қарамайтын экобелсенділер мен қарапайым қала тұрғындары #JasylAlmaty ауқымды акциясына қолдау білдірді. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. 

 

«Мерекелік демалыс күні, 8 наурызда экобелсенді Тимур Елеусізов бастаған бастамашыл топ AirVision қорының қолдауымен Алатау ауданының аумағы арқылы өтетін магистральды газ құбырының санитарлық-қорғау бөлігіне 58 түп қарағай көшеттерін отырғызды. 

Жыл басынан бері мұнда 200-ге жуық қылқан жапырақты ағаш егілген еді. @sosnovy_bor_almaty жобасының бұл игі бастамасы шаһарды көгалдандыруға үлес қосқысы келетін басқа алматылықтар үшін үлгі боларлық іс»,- деп жазды Бақытжан Сағынтаев. 

Сонымен қатар, ол ағымдағы жылы шамамен 330 мың түп ағаш пен аумағы 122 мың шаршы метр болатын гүлзарлар отырғызу жоспарда екенін жазды. «Өткен жылы #JasylAlmaty акциясы аясында Мохнатка мен Көктөбе тауларының баурайына, «Атакент» аумағындағы саябаққа, «Атлетикалық ауыл», Дәстүрлі өнер театрының скверлеріне, қала мектептерінің аумақтарына, «Саялы» ықшамауданында 135 мыңнан астам көшет егілді. 

Сондай-ақ МЖӘ аясында аумағы 110 шаршы метр болатын алаңқайға гүлзарлар отырғызылды. Ағымдағы жылы шамамен 330 мың жасыл желек пен аумағы 122 мың шаршы метр болатын алаңға гүлзарлар отырғызу жоспарланып отыр. Көктемгі көшет отырғызу науқаны осы айда басталады»,– дейді әкім.

13.03.2020