2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

14.03.2020

Алматылықтар коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін тестілеуден қайтан өте алады


Алматы тұрғындары COVID-19 жұқпасын анықтау үшін аккредиттелген 3 зертханада тестілеуден өте алады.

Қалалық тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментінің хабарлауынша, коронавирус жұқпасының симптомдары байқалған тұлғалар жергілікті емханаға барып, талдау тапсыруы тиіс.

«Қан жұқпалы аурулар стационарында алынады. Талдау материалдарын тек оқытылған медициналық қызметкер алады. Сосын материалды Алматыдағы үш зертханаға әкеледі.
Олар 

1. Жібек жолы, 3 мекенжайындағы ұлттық сараптама орталығы,

2. Әуезов көшесі, 84 мекенжайындағы санитарлық эпидемиологиялық сараптама және бақылау ғылыми практикалық орталығы,

3. Қапал, 14 мекенжайындағы Масғұт Айқымбаев атындағы қазақ карантин және жұқпалы аурулар ғылыми орталығында орналасқан. 

Адамдар өздігінен бұл зертханаларға бара алмайды. Себебі, ол жерде қан тапсыратын процедуралық кабинеттер жоқ. 

Сұрақ болса 382-35-36 және 382-33-50, 1406 нөмірлеріне хабарласуға болады», - деді департамент қызметкері.



14.03.2020