2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

16.04.2020

Б. Сағынтаев Алматы экономикасын қалпына келтіру кезеңдері туралы айтты



Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерімен кездесуде 20 наурыздан кейін жұмысын жалғастыруы мүмкін кәсіпорындар туралы айтты.

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев республиканың жетекші БАҚ өкілдері және қоғам белсенділерімен онлайн режимінде кездесу өткізді. Кездесу барысында коронавирустық инфекциямен күрес шаралары туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.

Қалада барлық тәуекел топтарының ПЦР әдісімен жедел-тестілеу және тестілеу басталды. Бұл 193 мың қызметкер, яғни, олардың қатарында әскери қызметшілер, полиция қызметкерлері, дәрігерлер, еріктілер, жүк және жолаушылар көлігінің жүргізушілері, теміржолшылар, ірі нысандардағы құрылысшылар, интернаттар, азық-түлік кәсіпорындары, ТКШ және т.б. қызметкерлері бар.

Жұқтырудың жасырын ошақтарын анықтаудың жаңа алгоритміне сүйене отырып, қалада эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілді. Басты мақсат – эпидемиологиялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, жұқтыру деңгейін төмендету болып табылады.

Қала әкімі Б. Сағынтаев бүгінде күшейтілген карантин жағдайында қалада 210 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс істеуін жалғастыруда, бұл экономикада жұмыспен қамтылғандардың 17%-ын құрап отырғанын айтып өтті.

Бұл ретте қатаң карантин кезеңінде жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 727,8 мың адамға қысқарды. Қашықтан жұмыс істеу режиміне, қаржы секторында, білім беру, мемлекеттік басқару, сондай-ақ, Ақпарат және байланыс салаларында жұмыс істейтін 200 мың адам көшті. Нәтижесінде 300 мыңға жуық адам уақытша табыссыз қалды.

«Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық өмірін кезең-кезеңмен қалпына келтіру жоспарына сәйкес экономикалық белсенділікті қалпына келтіру үшін үлкен әлеуеті бар және сонымен қатар коронавирустық инфекцияны тарату үшін ең аз тәуекелдері бар секторлар анықталды. Бұл - қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 20 сәуірден бастап іске қосылуы мүмкін өнеркәсіп пен құрылыс салалары», - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Өнеркәсіп саласындағы шектеулерді алып тастау нәтижесінде 42,2 мың адам өз жұмыс орындарына оралады.

Құрылыс маусымының басталуына орай, сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 34,5 мың жаңа жұмыс орнын ашу, әсіресе құрылыс саласында, жоспарда бар. Сонымен қатар, ауқымды құрылыс жұмыстарының басталуымен жобалаушылар мен іздестірушілерге, инжинирингтік компаниялар (авторлық және техникалық қадағалау), жобаларды сараптау сияқты мамандар мен қызметтер категорияларына қажеттілік пайда болады.

Бұдан өзге құрылыс саласының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында көтерме құрылыс нарығын ашу қажет (қосымша қорытындысы бойынша 10,8 мың адам). Осылайша, осы сала бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны 45,3 мың адамға ұлғаяды.

Бұдан өзге «БЖК-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын іске асыруға қатысатын кәсіпкерлердің кепіл мүлкін мемлекеттік тіркеу үшін нотариустар мен ХҚКО қызметін қайта бастау жоспарлануда.

Алдын ала деректер бойынша, 20 сәуірден бастап жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны бір ай ішінде 89,4 мың адамға көбейеді.

Шектеулерді кезең-кезеңмен алып тастау қоғамдық көліктерді, соның ішінде аялдамалар мен метро аялдамаларын, кәсіпорындардың өздерінің жұмыс орындары мен халық көп жиналатын орындарды жаппай залалсыздандырумен қатар жүреді.

Екі сағатқа созылған онлайн-кездесуде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғам белсенділері және БАҚ өкілдерінен келіп түскен ең өзекті деген 25 сауалға ж

ауап берді.

16.04.2020