2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19.02.2020

Алматыда қала басшысы Бақытжан Сағынтаевтың есептік кездесуі өтті


Алматыда қала басшысы Бақытжан Сағынтаев халықпен есептік кездесу өткізді. Жиын 3200 орындық «Нalyk Arena» спорт кешенінде өтті. Қала басшысы 2019 жылды қорытындылап, 2020 жылға межелі міндеттерді айқындады.

 

Биылғы жылы есептік кездесу жаңа форматта өтті. Кездесуге дейін аудан басшылары, әкімнің орынбасарлары, басқарма және басқарма басшылары азаматтарды сұрақтарымен қабылдады. Есепті кездесуден соң да мұндай кездесулер жалғасын таба бермек.

Алматы қаласының 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қарқынды динамикасы туралы арнайы видеоролик көрсетілді. 9 айда ЖІӨ 4,8%-ке артты. 2019 жылы 47 мың жұмыс орны ашылды. Жалпы құны 96 млрд теңге болатын 88 жаңа бизнес орны ашылды. Өнеркәсіп 4,5%-ға, баспана беру - 4,8%-ға, құрылыс - 3,4%-ға, бөлшек сауда 12,1%-ға артқан. Қалада былтыр 500 шақырым инженерлік желі тартылған. 73 шақырым жол тартылды. 47 шақырым арық қайта жасалды. 320 көшеге жарықтандыру жүргізіліп, 287 шақырым су желісі, 15 шақырым электр желісі, 20 шақырым жылу желісі, 130 шақырым газ желісі тартылды. Барлығы 2,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

 

Бүгінгі есепті кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен жұмыс жасап жатқан қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жұмысының логикалық жалғасы іспеттес.

Қала тұрғындарымен қойылған сұрақтар абаттандыру, инженерлік инфрақұрылымға қатысты мәселелер шешімін табуда. Азаматтардың өтініштерінің арқасында қала бюджетінің баптары қайта қаралды, атап айтқанда қаржы сыртқы жарықтандыру желілерін салуға бағытталды. Бұл жұмысты келесі жылы аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, алдағы екі жылда өзіне бекітілген шағын аудандардың тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жүздеген шақырым жаңа жол салу, аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстарды аяқтау міндеті қойылды.

 


 


19.02.2020