2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

20.03.2020

Нұр Отан партиясы өкілдері мен еріктілер коммуналдық қызметкерлерге бетперде тігіп беруде


«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының өкілдері мен еріктілер коммуналдық қызметтерге қайта пайдалануға болатын қорғаныш бетперде тігіп берді.

                          

Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, әр маска жоғары температурада өңделіп, сарапшылардың бақылауынан өтіп,  арнайы конвертке салып береді. Ерекше науқанның алғашқы екі күнінде партияның "Жастар қанаты" еріктілері жүзден астам бетперделер шығарып, таратқан.

«Әрине, бұл - көл ішіндегі бір тамшысы ғана. Бірақ бұл бастама арқылы біз маска  өндірушілерін әлеуметтік жауапкершілікке шақырғымыз келеді. Тым болмаса, егер әрбір тігін шеберханасы 50 масканы ақысыз таратса, бұл қоғамдағы шиеленісті азайтуға септігін тигізеді », - дейді идея авторы Бибинур Шербаева.

Белсенділербетпереде сапасы туралы бірнеше рет медициналық қызметкерлерден кеңес алғанын атап өтті. Бұл маскаларды бірнеше рет қолдануға болады, үш сағатқа дейін киеді, содан кейін жуып, қайта қолданады. Ең бастысы - жуудан кейін ыстық темо -өңдейден өткізуді ұмытпау керек (үтіктеу).

20.03.2020