2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

21.03.2020

Алматыда саябақтардың барлығы уақытша жабылды


Алматы әкімдігі коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында барлық саябақтарды жапты.

                        

Коронавирустың бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында 2020 жылдың 21 наурызынан бастап Алматы қаласындағы барлық ұлттық саябақтар уақытша жабылады. Алматылықтардан карантин кезінде Тұңғыш Президент саябағына, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, 28 Панфиловшы паркіне, Family Park-ке, Ботаникалық баққа, «Қиял әлемі» саябағына, Алматы зообағына, Алма-арасан және өзге де адам көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды сұраймыз», - делінген ресми мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын қала әкімдігінің шешімімен Медеу, Шымбұлақ, Пионер, Көктөбе, сондай-ақ ішкі туризм бойынша экскурсияларды жүзеге асыратын туристік ұйымдардың қызметі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанғанға дейін уақытша тоқтатылған болатын.
Сондай-ақ, Туризм басқармасы коронавирус тіркелген қауіпті категориялы елдерге қатынайтын және сол елдерден бізге келетін турларды уақытша тоқтатуға ұсыныс білдірген болатын. COVID-19 бұдан әрі таралуының алдын алу мақсатында адам көп жиналатын орындардағы сақтық шараларын қатаң қадағалау туралы нұсқаулықтар таратылды.

Еске салайық, Алматыда коронавирус анықталған 10 ошақ тіркеліп, тұрғын үйлер карантинге алынды.

21.03.2020