Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

24.10.2019

Алматыда ең үздік еріктілер марапатталды


Алматыда «Volume Up» еріктілердің ауқымды форумы өтті, шара барысында қаланың үздік еріктілері марапатталды.

 

Форумды «Қазақстан еріктілері лигасы» қоғамдық қоры ұйымдастырды. «Еріктілер жылы» қарсаңында республикалық жастар қозғалысының сайты ашылды. «Бүгінгі таңда еріктілер қозғалысы ең өзекті және қарқынды дамып келе жатқан институттардың біріне айналуда. Біздің ұйымның құрылғанына 5 жыл болды. Еріктілікпен айналысып жүрген немесе еріктілер қатарына қосылуды жоспарлағандар үшін 2020 жыл кең мүмкіндіктер ашады. Бұл қоғамдағы еріктілікке деген көзқарасты өзгертеді. Мемлекеттік саясат волонтерлікті толығымен қолдайтындығы және кеңінен тарағаны бізді қуантады», - деді ұйымның төрайымы Айсұлу Ерниязова.

 Сонымен қатар, ол келесі жылға - «Еріктілер жылына» дайын екендігін білдірді және алда көп жұмыс күтіп тұрғанын айтты. Форумға қатысып жатқан 1000 ерікті және олардың ата-аналары, жұмыс берушілер, серіктестер арнайы концерттік бағдарламаны тамашалады. Сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Жастардың сүйіктісі әншісі Али Оқапов шараның құрметті қонағы болды.

Еске салайық, үстіміздегі жылдың 27 тамызында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы оның басты мақсаттарын белгіледі: азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттердің волонтерлық іс-шараларға қатысуын кеңейтіп, белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру керектігін айтты.

24.10.2019