Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

26.06.2019

Алматыда автобустардың саны 4 есеге көбейеді


Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаладағы қоғамдық көліктердің саны 4 есе артатынын мәлім етті.

«Көлік саласында жүргізіліп жатқан реформа қаланың жылжымалы құрамын 80%-ға жаңартуға мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткіземіз. Бірақ, жол қозғалысының белсенділігін ескере отырып, жылжымалы құрамды 5 есеге көбейту ойда бар», - деді Бауыржан Байбек.

 

Әкім жыл соңына дейін 400 автобус сатылып алынатынын айтты. Электробустарды шығаратын «FalconEurobus» зауыты ашылады. БРТ желісінің ашылуының арқасында жолаушылар жолға кететін уақытын үнемдеуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, қоғамдық көлікке 122 км жолақ бөлінеді. Автобустардың 22 көшедегі жылдамдығы айтарлықтай артты.

Сонымен қатар, 2 метро стансасының құрылысы аяқталауға жақын. Бауыржан Байбек 3 жылда 42 шақырым жол, ал биылдың өзінде 121 шақырым жол салынатындығын айтты.



26.06.2019