2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

28.02.2020

Алматыда фристайлдан әлем кубогы өтеді


28 ақпанда Алматы қаласында Mountain Ski Resort Oi-Qaragai Lesnaya Skazka курортында фристайлдан FIS әлем кубогының кезеңдері басталады.

Алматыда шараны ұйымдастырушылар баспасөз мәслихатын өткізді. Олар дүбірлі додаға қалай дайындалып жатқаны туралы айтты. 

Дүниенің әр түкпірінен кіл мықты спортшылардың басын біріктіретін жарысқа әлемде таралып жатқан коронавирус қалай әсер ететіндігін түсіндірді. Фристайлдың могул және шаңғы акробатикасы түрлерінен сайысқа 17 елден спортшылар келеді. Көрермендер Еуропа, Азия, АҚШ, Канада, Ресей арналары арқылы тікелей тамашалай алады. ҚР Шаңғы спорты қауымдастығының бас хатшысы Асқар Уәлиевтің айтуынша, коронавирусқа байланысты шетелдік спортшылардың Қазақстанға кіруіне қатысты аздаған кедергілер болғанымен, қазір қауіптенетін себеп жоқ. «Шаңғы акробатикасына қатысатын Минск, Киев, Ыстанбұл қалаларынан келген спортшылар соңғы 2 айда Қытай аумағында болмаған. Біз олардың төлқұжаттарын алдын ала тексердік. Барлық команда аман-есен келді. Әуежайда ҚР ДСМ талаптарына сай тексеруден өтті. Қазір олардың барлығы қонақ үйлерге орналасты. Дайындықты бастап кетті», - деді Асқар Уәлиев. 

Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясының (FIS) Фристайлдан әлем кубогының директоры Джо Фитцжеральд аталған індетке байланысты Қытайдан шектеулі команда келгенін айтты. Оның ішінде Қытай территориясында соңғы 2 айда болмаған тек могул спорты өкілдері ғана келген. Шаңғы акробатикасы бойынша Қытай командасы сайысқа қатыспайды. «Қытайда ұлттық сайыс болмайтын болған соң Қытай командасы Беларусь елінің Минск қаласында жаттығып жатыр. Олар Красноярск қаласында екі аптадан соң өтетін Әлем кубогының ақтық сынында шығатын болады», - деді Джо Фитцжеральд. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қыс жылы болғанмен Алматыда шаңғы жолдары сайысқа дайын. Бұл сайыстарда Қазақстанның намысын Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері мен Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпаздары Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Аяулым Әміренова, Сергей Романов, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева қорғайтын болады. Фристайлдан Әлем кубогының кезеңдері 1980 жылдан бері жыл сайын өтіп келеді.

28.02.2020