2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

10.03.2020

Алматыда Әділет департаменті тегін құқықтық көмек көрсететін болады


Алматыда Әділет департаменті «Әділ көмек» құқықтық көмек жобасын бастады.
Бұл жоба бойынша құқықтық көмекке мұқтаж көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тегін құқықтық кеңес алатын болады.

Әділет органдарына мұндай ұсынысты «Акселератор добра: Ізгілік елшісі» волонтерлік қозғалысы білдірген. «Қиын жағдайға түскен азаматтарға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға біз тегін құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз. Оларға біздің ЖОО заң бөлімінің студенттері, тәжірибелі қорғаушылар, заңгерлер көмек көрсететін болады. Болатын шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желіден көруге болады», - деді Әділет департаментінің жетекшісі Гүлнар Кокобаева.

Кездесу барысында «Акселератора добра: ізгілік елшісі» жобасы мен Әділет департаменті өкілдері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. «Акселератор добар: ізгілік елшісі» жобасы кеңейіп келеді. Енді бізге мемлекеттік органдар көмек қолын созып жатқаны қуантады», - деді жоба жетекшісі Айнұр Сәбитова.


 

10.03.2020