Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Алматы қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы


Басшысы : Сүлейменова Гульсара Ракиметоллаевна
Мекен-жайы:   Гагарин даңғылы, 215 үй
Байланыс телефоны: 382-52-44
Жұмыс күндері:
Қабылдау сағаты:

Біздің елімізде темекі тартатындардың саны тұрғындардың үштен бір бөлігін құрайды. Темекі тартатындардың тең жартысының түбіне сол темекі жетсе,     өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 20-25 жылға қысқара түседі. Әрбір темекі тартатын адам жүрек талмасынан немесе өкпенің қатерлі ісігінің құрбаны болады. Қатерлі ісікпен ауыратындардың отыз пайызы темекі тартатындар құраса, өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмғандар осы зиянды әдеттен өз уақытында арылған жағдайда өз сырқатынан құтылып кеткен болар еді. 
Қазіргі уақытта біздің қаламыздағы темекі тарту қоғамға және мемлекетімізге ауқымды түрде әлеуметтік зиянды әсерін тигізіп отыру себебі  сәйкес заңдар толық мөлшерде орындалып отырған жоқ, арнайы қалалық органдардың темекіге қарсы жүйелі жұмыстарды үйлестіру бағытындағы жүргізіп отырған жұмыстары өз деңгейінде атқарылып жатқан жоқ. Алматы қаласында 350 мыңнан астам тұрғындар темекі тартатындығы белгілі, солардың тең жартысы темекі тартқанды қойғысы келеді, бірақ қалай тастап кімге баратынын білмейді.
          Жеткіншектер мен балалардың темекі тартуы ересектердің темекі тартуынан қарағанда сипатты жағынан ерекшелене түседі. Олар әлі темекі тартуға үйрене қойған жоқ, тек қана тартып көріп, бірте-бірте үйрене бастайды. Балалардың темекі тартатын себебі оны қызық көру, ересектерге еліктеу, өзін-өзі жетілдіре түсуі, темекі компанияларының әсері, жарнамалардың ықпалы. Балалар мен жеткіншектердің темекі тартуы –ең алдымен ерігу, темекімен ойнау сияқты кең таралған ермектер болып  келеді.
         “ Жастар және темекі” атты терең де жан-жақты жүргізілген зерттеулерге сәйкес 13-15 жастағы Алматы мектептері оқушыларының 14,8 % пайызы күн сайын темекі тартады, десек те олардың үштен екі бөлігі темекіні тастағысы келеді. Олардың 70 пайызының әкесі, ал 40 пайызының шешесі темекі тартады. Балалардың барлық ауруларынынң ішінде өкпе-бронхы аурулары бірінші орында (46%) тұр. Бір адам темекі тартатын үйде 68,4% көлемінде балалар жиі ауырады, ал екі адам темекі тартатын үйде 83,8% балалар саны науқастанады.
        Балалар мен жеткіншектерді темекі тартуды алдын алуға жұмылдыру және тұрғындар денсаулығын темекі түтінінен қорғау барысында 2002 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасының “Темекі тартудың алдын алу туралы” Заң қабылданды. Бұл қабылданған Заңның негізігі міндеті тұрғындарды темекі түтінінен қорғау, темекі сатып алатын адамдарға жас мөлшерін енгізу, кәмелетке толмағандар арасында темекі тартуға тыйым салу, темекі өнімдерінің жарнамасын шектеу болып табылады.
           Жеткіншекті құқықтық базаның жасалғандығына қарамастан, тұрғындардың көп бөлігі, әсіресе, балалар мен жасөспірімдер, өнімді жастағы келіншектер темекі түтінінің зиянды әсері және өз денсаулығын сақтаудың мүмкіншіліктері туралы жеткілікті түрде ақпаратқа ие бола алмай жүр.
       Сондықтан да “Алматы- темекі түтінен азат қала” атты мақсатты бағдарламаның өмірге келіуі Алматы қаласындағы таза ауа принциптері мен басымдылықтары саясатының негізгі мақсатын көздейтін қажеттілік болғандықтан, азаматтардың таза ауа мен демалуға деген құқығын іске асырушы мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық субъектілер, ұжымдар, мекемелер, одақтар, қорлар, алқалар мен мегополюс басқармаларының күшін жұмылдырушы болып табылады. 
            Алматы қаласы маслихатының ІІІ шақырылым мәжілісінде депутаттар бастамасы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған “ Алматы- темекі түтінінен азат қала” атты қалалық мақсатты бағдарламасы қаладағы темекі тартуды азайтып, темекі тарту салдарынан болатын әлеуметтік-экономикалық және медициналық шығындардың төмендеуін қамтамасыз етеді.

    Бағдарламаның міндеттері болып табылады:
1.Тұрғындардың таңдаулы топтарының арасында темекі тарту деңгейін төмендету ( балалар, жеткіншектер, жастар, әйелдер)
2. Алматы қаласы тұрғындары арасында ҚР “темекі тартудың алдын алу мен шектеуі туралы” Заңы мен темекі тартудың зияны туралы ақпарат алу мүмкіндігін арттыру.
3. Тұрғындардың түрлі топтарының арасында темекі тартудың алдын алуы бойынша жүргізілетін мамандарды үйрету.
4. Алматы қаласының тұрғындарын өз денсаулықтарын темекі түтінінен қорғау жұмысына жұмылдыру.
5. Алматы қаласының саяси және әлеуметтік имиджін жақсарту.
6. Бағдарламалардың тиімділігін бақылау және бағалау, темекіге қарсы алдын алу бағдарламаларының өткізуін ғылыми түрде негіздеу.

Бағдарламаны іске асырудан күтілген нәтижелер:

1.                                                       Бағдарлама субъектілері арасында  темекі тарту деңгейін 5- 7 %  төмендету.

2.                                                       Темекі тартуға байланысты Алматы  қаласы тұрғындары арасында құқықты және медициналық ақпараттандыруды арттыру.

3.                                                       Темекі тартуды тастағысы келетіндер мен темекі тастағандардың санын арту.

4.                                                       ҚР заңдарын толық орындаған кәсіпорындар, ұжымдар мен мекемелердің санын көбейту.

5.                                                       “Темекі тартудан еркін аймақ” атты өзбетімен жарияланған қоғамдық орындардың санын арттыру.

6.                                                       Темекі бақылау саласында қызмет ететін бастамашыл топтардың санын арттыру.


Бағдарлама орындаушылық-атқарушылық шаралар мен темекі тартуды азайтуға бағытталған келесі басымдықтардың нақты шаралар кешенін іске асыруды көздейді:

1.                                                       Темекі тартудың түрлі салалары бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жасау.

2.                                                       Темекі тартудың алдын алу бойынша  мамандарды оқыту жүйесін жасау.

3.                                                       Темекіні бақылау қызметіне тұрғындардың түрлі салаларына тарту жүйесін  жасау.

4.                                                       Темекі тастағысы келетіндерге медициналық көмек көрсету жүйесін қалыптастыру.

5.                                                       “ Алматы – темекі түтінінен азат қала” бағдарламасы шеңберінде өткізілетін шаралардың және темекісіз таза ауа саясатын қамтамасыз ететін, темекі түтіні әсерінен болған денсаулық күйін бағалайтын нормативті-құқықтық актілерді іске асыруды бағалау.

Тұрғындарды темекі тартудан алдын алу мен шектеуі туралы ақпараттандыру деңгейін артыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында “ Алматы темекі түтінінен азат қала” бағдарламасының орындалуы мен іске асырылуы жайында өскелең ұрпақтарға бағытталған кең көлемді акциялар, байқаулар, спартакиадалар өткізіледі.
               Темекі тартудың алдын алуы бойынша мамандарды оқыту жүйесін құру мақсатында қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы базасында жүйелі түрде денсаулықты нығайту орталықтарының жетекшілеріне арналған темекі тартудың алдын алумен, сонымен қатар, дүниежүзілік денсаулық қорғау ұйымдары қолдауымен халықаралық кеңесшілер үшін семинар-тренингтер өткізілген болатын. ҰСӨҚҚО мамандары қолдауымен педагогтарға, мектеп психологтарына, әлеуметтік және медициналық қызметкерлерге, мектеп пен ЖОО лидерлері мен волонтерлеріне медициналық емес мекемелердегі темекіге қарсы орталық қызметкерлеріне арналған инновациялық бағдарламаларды, айлық семинарлар циклдарын пайдалану арқылы темекі тартудың алдын алу бойынша тренинг модульдері жасалынды (300- дей мектеп мамандары оқудан өтті)
            Темекі тартудан бас тартуды қалайтындарға көмек көрсету жүйесін қалыптастыру мақсатында
Қалалық наркологиялық орталықтың медициналық әлеуметтік реттеуі базасында темекі тартудан бас тартуды қалайтындарға психологиялық және  медициналық көмек көрсетуге арналған тәуліктік кеңес  телефоны орнатылған және жұмыс  істейді. Телефон арқылы ”қызу” байланысқа хабарласқандар ҚНМӘР орталығы мамандарынан никотинге тәуелділіктен бас тарту әдістері бойынша тиянақты кеңестер алады. Қаңтар айының басына бейін (2006 жылдың шілде айынан бастап) осы телефонға 2000 нан астам қоңырау соғылды.
32 қалалық емдеу- алдын алу мекемелерінің (ЕАМ) Денсаулықты нығайту Орталықтарында (ДНО) темекіге қарсы орталықтар ашылып, олар мынадай мақсаттарды көздейді:

1.                                                                               алдын-алу, диагностикалық, емдеу-сауықтыру шараларымен күшейту;

2.                                                                               темекі тартудың алдын алуға бағытталған жалпы білім беретін мекемелердегі санитарлық-ағарту және денсаулықты нығайту мен сақтау жұмыстары;

3.                                                                               тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған насихаттау жұмыстарында бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалану;

4.                                                                               ұлттық денсаулық сақтауға дейімделу үшін алыс және жақын шетелдердің оңды тәжірибелерін пайдалану мақсатында халықаралық ұйымдармен бірлесіп тығыз еңбектену;

5.                                                                                темекі тартудың алдын алу бойынша озық технологияларды жасау мен енгізу.

6.                                                                               Темекіге қарсы орталықтардың негізгі міндеттері болып табылады.

               Никотинге тәуелділердің арасында ақпараттық алдын алу көмегін көрсету, темекі тартудың алдын алу әдістеріне үйрету, темекіге қарсы санитарлық-ағарту шараларын өткізу;
         Бұл кабинеттерде темекіден бас тартқан адамдарға медициналық кеңестер беріліп, медицина қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер өткізіледі.
             Темекіге қарсы орталықтар тиімді жұмыс жүргізуі үшін телевидение, видео, аудио жабдықтарымен, аудиороликтерімен және бағдарлама көлеміндегі ағарту-ақпараттық материалдарымен қамтамассыз етілуде.
             Қазіргі кезде 12  негізгі медициналық емес келесі мекемелерде темекіге қарсы пилоттық орталықтардың анықталғанын айта кетуге тиіспіз. Олар: Тұран университеті, Қазақ Ұлттық Медициналық унивенрситеті, Алматы медицина колледжі, Республикалық медициналық колледжі, жаңа технологиялар  колледжі, №№ 35,146,86,20,48 жалпы білім беретін мектептер, Политехникалық колледжі.
Осылайша, балалар мен жеткіншектерді темекіге әуестендірмеу үшін тек қана шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларды ашық та тартымды әсіре, қызыл темекі жарнамаларына және төңірегіндегі темекі жарнамаларына және төңірегіндегі темекі тартатындардың белгілі бір әсеріне қарсы тұра алатындай қасиеттерге үйрету қажет. Сондықтан оларға құр босқа ақыл айту және қорқытып-үркітумен шектеліп қалмай, олардың артықшылықтарына баса назар аудару қажет.
           Жастарға мүмкіндігінше не үшін темекі тарту жаман, ал тартпаған-жақсы екендігін түсіндіру керек.
           Темекі тартудың салдары туралы ақпарат өз деңгейінде түсінікті түрде жеткізілсе, темекі  тартудың тиімді алдын алуға септігін тигізеді.
“ Алматы темекі түтінінен азат қала” бағдарламасының тиімділігін бақылау және бағалау жүйесінің тұрақты қызметін ұйымдастыру шеңберінде   апта сайын “Медиа Систем” мен бірге темекі тарту проблемасын жарыққа шығару және Қазақстан Республикасының “ Темекі тартудың алдын алу мен шектеу” Заңын іске асыру үшін бұқаралық ақпарат құрылымдарымен бірге бақылау.   
         Баяу болса да шынайы әрі тиімді жолқоғам өкілдірінің темекіге деген санасы мен қатынасын өзгерту. Біздер барлығымыз темекінің түрлі – түсті жарнамасы арқылы темекінің күмәнді ләззатты жылдар бойы жан қинайтын азапты ауруға әкелетін қарапайым шындықты түсіне білуіміз қажет.
 “Алматы темекі түтінінен азат қала” атты қалалық мақсатты бағдарламаны іске асыру жұмысына үлкен қолдау көрсеткендер: Бостандық ауданының әкімшілігі, ҰСӨСҚҚ, ҚНМӘРО, Ішкі саясат Департаменті, Дене шынықтыру мен спорт басқармасы, үкіметтік емес ұйымдар, ”Қайсар”, ”Біз өмірді таңдаймыз” және  “Hit TV” ақпаратты – саздық телеканалы.