Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Денсаулық сақтау ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ



Тұрғындардың медициналық тексеруден өтуі


СКРИНИНГ - бұл арнайы жастағы адамдардың денсаулығындағы қауып- қатерлерді ерте сатыда анықтау, медициналық алдын алу шарасы. Оны өткізу емдеу шараларының тиімді болуына, аурудың өршуіне алдын алу мүмкіндігін береді.
2011ж 1 маусымына Бостандық ауданы емханаларына тұрғындардың 100% бекітілген. Онда медициналық тексеру зерттеулерінің келесі түрлері жүргізілді. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап зерттеулер көрсеткіштер жоғары деңгейді көрсетті, бірақ бұл жоспарланған ауқымда.
Қазақстан Республикасының әр азаматы жыл сайынғы медициналық тексеруден өтуі қажет.
Балаларға: педиатор,арнайы мамандардан өту, қан, зәр тапсыру және арнайы жабдықтармен өтетін зерттеулер.

Ересек адамдарға: терапевт, әйелдер гинекологиясы, флюрография көкірек қуысы,қан,зәр тапсыру және берілген нұсқа бойынша арнайы мамандардан өту.

Ал егер де, сізде, созылмалы ауру болып Сіз диспансерлік есепте тұратын болсаңыз, сол бөлімшенің бекітілген нұсқасы бойынша өз дәрігеріңізге қаралып тиісті кеңес алып отыруыңыз қажет.

Осы жоғарыда аталып өткен ісік ауруларына қарсы зерттеулер жүргізілетін елдерде ісік аурулар көрсеткіші біршама төмендеген.
Қазақстанда скрининг медициналық тексеру тегін жүргізіледі.

Скрининг мекен- жайыңыз бойынша тіркелген емханада жүргізіледі.

Егер де,Сізді скринингке шақырған болсаңыз, міндетті түрде өтіңіз!

Скрининг көлеміне келесі зеттеулер кіреді.

· Антропометриялық өлшем (бойыңыз,салмағыңыз,беліңіздің көлемі);
· Артериалды қан қысымын өлшеу;
Көз қуысының қан қысымын өлшеу 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы;
Қандағы холестерин және глюкозаны анықтау 18, 25, 30, 35, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64 жас аралығында;
· Электрокардиография- көрсеткіш бойынша;
· кардиолог, эндокринолог, офтальмолог тексеруінен өту -көрсеткіш бойынша.
· Созылмалы В және С гипатиттеріне маркерге қан тапсыру - қауіпті топтағы балалар үшін.

Бұл зерттеулер жүрек қан тамырлары,қан диабеті,глаукома және олардың қызметі мен гипатит ауруларының алдын алуына көмектеседі.

Қатерлі ісік және онкологиялық ауруларын ерте сатында анықтауда алдын алу шаралары

Қатерлі ісік және онкологиялық ауруларды алдын алу үшін міндетті түрде келесі зеттеулерден өту қажет.
Әйелдер үшін;
· Жатыр мойыны жағындысын патологиялық өзгерістерге Цитологиялық зерттеуден өткізу 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастарға
· Акушер-гиниколог, кольпоскопиядан өту; -көрсеткіш бойынша;
· Сүт безін рентгенографиялық зерттеуден өткізу (маммография)- 50, 52, 54, 56, 58 ,60 жастағы;
· Онколог,маммолог маманына тексерілу -көрсеткіш бойынша; 

Ерлер мен әйелдер үшін; 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 и 70 жастағы.
· Тоқ және аш ішектегі ісікті анықтауда үлкен дәрет тапсыру;
· хирург, проктолог, гастроэнтеролог, эндоскопия мамандарына көріну-көрсеткіш бойынша