Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
ТКШ ТКШ



Метрополитен құрылысының тарихы


1988 жылы Алматы қаласы метрополитенінің белсенді құрылысы басталды. Бірақ 1991 жылы КСРО–ның ыдырауы және содан кейінгі шарушылық және экономикалық байланыстардың тоқтап қалуы Алматы қаласы метрополитені құрылысының толық жүзеге асуына мүмкіндік бермеді. Бірқатар министрліктер мен ведомстволардың таратылуына байланысты көптеген сұрақтар шешілмей қалды. Осының барлығы метроны салу мерзімдерінің едәуір артта қалуына себеп болды. 1990 жылдар метро салуда өзіндік материалдық-техникалық және ғылыми базаны құру кезеңі болды. Аз қаржыландыруға қарамастан, аралық және эскалаторлық бекеттердің өткіштігі, терең орналасқан бекеттердің қазба жұмыстары, ал ең бастысы инженерлер мен жұмысшылардың тәжірибелі кадрлары сақталып қалды. Алматы қаласындағы метрополитен құрылысының негізгі кезеңдері 1988 жыл 7 қыркүйекте – Фурманов көшесі мен Октябрьдің 50 жылдығы даңғылының қиылысында сағат 4-тен 25 минут кеткен кезде экскаваторшы Ромсан Топаев «Средазстроймеханизация» тресінің 59-мехколлоннасынан Алматы метрополитенінің «Октябрьская» бірінші бекетінің құрылысы үшін алғашқы шөміш топырақты қазып алды. 28 қыркүйек – В.А. Брежневтің қолы қойылған көлік құрылыс министрлігі министрінің № 156-ОР бұйрығымен Алматы қаласындағы метрополитеннің құрылысы 01.01.1989 жылдан бастап «Бамтоннельстрой» СУС жүзеге асыруына тапсырылады.Қазан – «Октябрьская» бекеті – «Жібек Жолы» бекеті № 13 аралық желдетпе ұңғысы жұмысқа кірісті. 1989 жыл Алмалы бекетінде № 17 желдетпе ұңғысы, № 14-бис жұмыс ұңғысын, № 15-бис жұмыс ұңғысын, еңісті жол салуға кірісті. Алматы қаласындағы метрополитен құрылысы кезінде бірінші еңісті жолдың өтуі үшін СКТБ «Бамтоннельстрой» «Като» жапондық экскаватор базасында өтпелі кешені құрастырылған. «Октябрьская» бекеті жағынан КТ 5,6-Д2 механикаландырылған өтпелі кешенінің сол жақ аралық тоннель құрылыс жұмыстары басталды. 1990 жыл № 110-бис, № 114-бис, № 112-бис жұмыс ұңғысын, № 19, № 15, № 113 желдетпе ұңғысын, «Жібек Жолы» бекетіне еңісті жол салуды бастады. «Алатау» бекеті жағынан КПЩ-12 механикаландырылмаған өтпелі кешенінің сол жақ аралық тоннель өткізу басталды. 11 мамыр – ҚазКСРО Кеңес Министрлігі жұмыс көлемін, мерзімін және орындаушыларын анықтай отырып «Алматы қаласы метрополитенінің бірінші құрылыс желісінің бірінші учаскесінің құрылысын қаматамасыз ету туралы» № 182 Қаулысын қабылдады. 1991 жыл «Алатау» бекеті жағынан КПЩ-12 механикаландырылмаған өтпелі кешенімен оң жақ аралық тоннель өтпелі басталды. «Райымбек» бекеті жағынан оң жақ аралық тоннель құрылыс жұмыстары басталды. 1992 жыл 15 маусым – Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезектегі құрылысын басқарудың бірыңғай құрылымын құру және қаржы ресурстарын ұтымды қолдану мақсатында қала әкімшілігінің басшысы З.Қ. Нұрқаділовтың № 221 шешімімен Алматы қаласы метрополитенін жобалау мен құрылысын үйлестіру бойынша басқарма таратылып және тапсырыс берушінің бұрын жұмыс істеген қызметтерінің және бас мердігер «ПСО Алматыметроқұрылыс» базасында Жобалау-құрылыс бірлестігі құрылды. № 111 аралық желдетпе ұңғысын салуға кірісті. 1993 жыл 1 қаңтар - «Алмаатагипротранс» институтының метро бөлімі «ПСО Алмаатаметроқұрылыс» құрамына кіретін П.В. Пашковтың басшылығымен дербес фирма «Метрожобалау» болып бөлініп шықты. «№ 1 тоннельдік отряд» ЖШС сол аралық тоннельді «Жібек жолы» бекетінің кіре-беріс жерімен қосты. № 18-бис жұмыс ұғысын салып бастады. Электрдепо бағытында оңтүстік портал жағынан Алматы-2 вокзалының теміржол жолдарының астынан аралық тоннель салу жұмыстары басталды. 5 ақпан - «Райымбек» және «Жібек жолы» екі бекетінің арасында оң аралық тоннелін «Жібек жолы» бекетімен қосу. 1994 жыл 31 наурыз - Алматы қалалық аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті қаулысының негізінде «Алматыметрокұрылыс» ААҚ құрылды. 1996 жыл Шілде - «Абай» бекетінің еңіс жолын салу жұмысына кірісті. ТНУ-4 өтпелі кешені пайдаланылды. 2001 жыл 22 қараша –Сол аралық тоннельдің «Тұлпар» бекетінің батыс кіре-берісімен біріктірілді. «Алатау» бекетінен «Тұлпар» бекетіне дейінгі ұзындығы 1130 метрлік тоннель 11 жыл тесілді. 2004 жыл 4 тамыз - «Жібек Жолы» мен «Алмалы» екі бекетінің арасында сол аралық тоннель біріктірілді. 4 қазан – «Жібек Жолы» мен «Алмалы» екі бекетінің арасында сол аралық тоннель біріктірілді. 21 желтоқсан - «Тұлпар» бекетінің шығыстан кіре-берісімен оң аралық тоннель біріктірілді. «Алатау» бекетінен «Тұлпар» бекетіне дейін ұзындығы 1323 метрлік тоннель 13 жыл тесілді. 2005 жыл 19 ақпан - «Бетон унд Мониербау» австралиялық компанияның мамандарымен бірлесе отырып, «Жібек жолы» бекетінің сол жақ бекеттік тоннелін салу жұмысына кірісті. 7 қараша - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев салынып жатқан метрополитеннің «Алмалы» бекеті объектісіне келуі. 2006 жыл 1 қаңтар – «Тұлпар» бекетімен «Байқоңыр» бекетінің сол аралық тоннель өтпелі аяқталды. КПЩ-12 өтпелі кешені арқылы «Байқоңыр» бекетінің көлденең камерасының құрылысы басталды. Жароков көшесінің астынан қорғаныс экранының құрылысы басталды. Экранды орнату үшін «Херренкнехт АГ» фирмасының AVN - 600 микро тоннельді өтпелі кешені (МТӨК) пайдаланылды. «Херренкнехт» қалқанын «Алмалы» бекетінде іске қосты. 9 маусым – Оң аралық тоннелдің «Байқоңыр» бекетінің көлденең камерасымен қосылуы. 7 шілде – Сол аралық тоннелдің «Алмалы» бекетіндегі конвейерлік камерамен қосылуы («Херренкнехт» өтпелі кешенінің алғашқы қосылуы). ЖАТӘ әдісімен «Алмалы» бекетінің оң станциялық тоннелінің құрылысы, «Тұлпар» бекетінің еңіс жолының құрылысы басталды. 2007 жыл ЖАТӘ әдісімен «Тұлпар» бекетінің сол станциялық тоннелінің, «Алмалы» бекетінің сол станциялық тоннелінің, «Жібек жолы» бекетінің оң станциялық тоннелінің, «Байқоңыр» бекетінің сол станциялық тоннелінің, «Алмалы» бекетінің орта станциялық тоннелінің құрылысы басталды, сондай-ақ «Байқоңыр» бекетінің еңіс жолы мен кіреберіс коридорының құрылысы басталды. 25 мамыр – «Алмалы» мен «Абай» бекеттерінің арасындағы оң аралық тоннелдің «Абай» бекетінің көлденең камерасымен қосылуы. 10 маусым –«Алмалы» мен «Абай» бекеттерінің арасындағы сол аралық тоннелдің «Абай» бекетінің көлденең камерасымен қосылуы («Херренкнехт» өтпелі кешені). «Алмалы» бекетінің оң станциялық тоннелінің негізгі қаптаудағы құрылысы аяқталды. Гагарин даңғылының астында құбырлардан жасалған қорғаныс экранының құрылысы басталды. Экранды орнату үшін «Херренкнехт АГ» фирмасының AVN-600 микро тоннелді өтпелі кешені (МТӨК) пайдаланылды. 3 тамыз – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев метрополитен объектілеріне келді. «Алмалы» бекетінің сол станциялық тоннелінің құрылысы, «Тұлпар» бекетінің сол тоннелінің негізгі қаптаудағы құрылысы аяқталды. 2008 жыл 16 қаңтар - «Алмалы» бекетінің орта станциялық тоннелінің негізгі қаптаудағы құрылысы аяқталды. 2 наурыз - ЖАТӘ әдісімен «Абай» бекетінің оң станциялық тоннелінің құрылысы басталды. 10 наурыз - ЖАТӘ әдісімен «Тұлпар» бекетінің оң станциялық тоннелінің құрылысы басталды. 15 ақпан - «Абай» – «Байқоңыр» бекеттерінің оң аралық тоннелінің бөлшектеу камерасымен қосылуы. Осы қосылумен «Райымбек» бекетінен «Алатау» бекетіне дейінгі оң аралық тоннельдің өтпелі аяқталды. 25 шілде - «Абай» мен «Байқоңыр» бекеттерінің арасында соңғы қосылу жұмыстары жүргізілді. Бірінші кезектегі аралық тоннельдерің құрылысы аяқталды. 2011 жыл 1 желтоқсан - жалпы ұзындығы 8,6 км болатын метрополитеннің бірінші кезегі іске қосылды. Оның құрамына; "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алмалы", "Абай", "Байқоңыр", "Әуезов театры" және "Алатау" бекеттері кіреді.