Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
ТКШ ТКШ



Бостандық ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстар туралы есебі


I. Көріктендіру 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 264 азаматтардың өтініштерін, 52 заңды тұлғалардың арыздарын, 448 жоғарғы тұратын органдардың хаттарын, 436 аудан әкімінің Веб-сайтына мен Instagram әлеуметтік желісінен түскен арыздарды қарастырып, өтініштердің иелеріне тиісті жауаптар берді, бөлім бойынша жалпы саны 1 200 арыз-өтініштер қаралды.

 II елді мекендерді жарықтандыру

Ауданда көшелердегі және тысқы жарық көздерін күту, жөнлеу және қалпына келтірумен «Алматы Қала Жарық» МКК айналысады. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында жалпы құны 268 552 000 тг. болатын 392,4 км тысқы жарық желілерінде орналасқан 11 551 жарық көздерін күту жұмыстары атқарылды.

Ағымдағы жарты жылдықта аудан көлеміне жаңадан қосылған аумақтарда орналасқан РЭС-5 қодырғыларында ұзындығы 35,3 км. сыртқы жарық көздерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Алматы қаласы әкімдігінің алдында орналасқан саябақта сыртқы жарық көдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 III. Елді мекендерде санитарияны қамтамасыз ету

«Алматы тазалық» МКК мердігер мекемесі   жалпы ұзындығы 259,9 км. 6 көлік жол айрықтарын, 238 көшені және өткел көшелерді санитарлық тазалау жұмыстарын атқарды (жұмыстардың жалпы құны 792 123 000 тг). Механикаландырылған және қол жұмыстары негізінде жалпы ұзындығы 168 км. болатын жаяу жүргінші жолдары, 7 жер үсті, 12 жер асты өткелдері тазаланып отырды.

Қалалық және аудандық қоғамдық шаралар кезінде 420 биодәретханалар орнатылды (жалпы сомасы 3 360 600 тг).

Жалпы саны 16 қалалық және аудандық (аумақтық) сенбіліктер кезінде 7 238 м3 қоқыс, бүтақтар мен жапырақ шығарылды.

Қатқыл тұрмыс қалдықтарын шығарумен «Тәртіп» АҚ мекемесінің қызметкерлероі айналысады. Ауданда барлығы 300 контейнер алаңдары бар, олардың ішінде қалдықтарды түрлеріне қарай бөліп жинайтын 81 жер асты алаңдары орнатылған.Контейнерлердің жалпы саны 1 333 дана, оның ішінде көлемі 1,1 м3 болатын 836 контейнер, көлемі 3,0 м3 болатын жер асты 404 контейнері, көлемі 0,75 м3 болатын 93 контейнер бар. Күнделікті 1 400 м3 тұрмыс қалдықтары шығарылып отырады. 340 қоқыс контейнерлерін ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

 IV. Көріктендіру және көгалдандыру

Ауданда жалпы алаңы 274,4 га. болатын бақтар мен саябақтардың, көшелердегі бөлу жолақтарының аумақтарын, Есентай, Үлкен Алматы өзендерінің жағалауларын   тазалау, ағымды күту шаралары атқарылуда (жұмыстың жалпы құны 437 238 386 теңге). «Stamp Service» ЖШС күшімен ұзындығы 146,5 км. арық жүйелері тазаланды.

Ауданда 720 ағаш қалыпқа келтіретін қырқудан, 504 ағаш санитарлық қырқудан және 5 апаттық ағаш кесу жұмыстары өткізілді.

Гүлдендіру және көріктендіру шаралары келесі көлемдерде өткізілді:

-жалпы алаңы 1000 м2 болатын жайларда гүл егілді, 8 196 м2 алаңға газон отырғызылды;

-бақтар мен саябақтарда және көпшілік орындарда жалпы алаңы 500 м2 төсеме тастар орнына келтірілді;

«АлғАзия.kz» ЖШС күшімен 3 250 000 теңгеге жалпы адаңы 180 га. болатын жерлердің жасыл желектерін қорғау шаралары атқарылды.

Алматы қаласының Құтқару қызметімен ГУ «Казселезащита» қосыла отырып Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің, М-1, М-2 каналдарының түбін тереңдету шаралары атқарылды. Жалпы көлемі 10 200 м3 қоқыс пен құм-топырақ шығарылды, шараға 33 дана арнайы техника қатысты.

Аудан бойынша Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан келесі аймақтарда гүл егу және көріктендіру шаралары атқарылды.

-жалпы саны 667 дана тік орнатылған қондырғыларға гүл шоқтарын отырғызу шаралары атқарылды (жалпы сомасы 147 629 440 тг);

-жалпы алаңы 17 676 м2 жерде әшекейлі қондырғыларға отырғызылған гүлдерді орнату және күту шаралары орындалды (жалпы сомасы 364 821 646 тг);

-жалпы ұзындығы 7 484 м. болатын арық жүйелерін және нөсер сулар желілерін салу және реконструкциялау шаралары 15 участкілерінде жұмыс жүргізілді;

-жалпы соммасы 1 187 983 440 тенгеге Южный саябағында көкалдаңдыру және көріктендіру шаралары басталуда;

 -Орбита-3 және Мустафин көшесі 5 үй қасындағы су бұрғағына күрделі жөндеу жұмыстары басталды (жалпы сомасы 7 692 160 тг);

 -«Кереңқұлақ» өзен арнасына күрделі жөндеу жұмыстары басталды (жалпы сомасы 384 280 451 тг);

- Байзақов көшесі Тимирязев көшесі мен Сәтбаев көшелерінің арасына көріктендіру және көкалаңдыру жұмыстарына ЖСҚ дайындалуда;

-Үлкен Алматы өзенінің арнасына күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындалуда.

Алматы қаласы Автомобильді жолдар және жолаушылар көлігі басқармасы тарапынан ауданда келесі жұмыстар жасалды:

-жалпы ұзындығы 34,7 км. болатын 39 көшенің асфальт қыртысын орташа жөндеуден өткізілді және жаяу жүргінші жолдарына орта жөндеу және жаңадан салу, ағымды жөндеу жұмыстары өткізілуде;

-Мұстафин көшесі, Жандосов көшесі, Темирязев көшесіне реконструкциялау шарасын БРТ тарапынан атқарылды.

 V. Тапсырмалар

- аудан аумағының санитарлық жағдайын қадағалауды әрі қарай жалғастыру;

-күнделікті тәртіпте коммуналдық қызметтермен бірлесіп ауданды аралау;

-аудан аумағын көріктендіру шараларын жалғастыру (жолдардың асфальт қыртыстарын орнына келтіру және аумақтарды көгалдандыру);

-аудан аумағын жарықтандыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру.

 

 

Көріктендіру

бөлімінің басшысы                                                                                          Р. Сейдраманов