Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
ТКШ ТКШ



Бостандық ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің 2019 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы есебі


I. 2019 жылдың I тоқсанында 444 арыз, шағымдар мен хаттар қарастырылды. Оның ішінде: жеке тұлғалардан 121, заңды тұлғалардан 39, жоғары тұрған мекемелерден 125, аудан әкімі интернет ресурсынан 159.

 II.Елді мекендерді жарықтандыру:

Ауданда көше жарықтандыру желілерін жөндеу, күтіп-баптау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды «Алматықалажарық» КММ жүзеге асырды. Ағымдағы жылдың I тоқсанында бойынша 43 170 000 теңге сомасына жалпы ұзындығы 380,4 км. 13 320 жарық нүктелерін күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.

 III.Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету.

Жалпы сомасы 511 979 000 теңгеге ұзындағы 259,9 км аудан аумағындағы 238 көшелер мен 6 жол айырықтарының жол төсемдерінің тазалығы қамтамасыз етілді. Ұзындығы 172,9 км. аудан аумағындағы жаяусоқпақтардың механикалық тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілді. 7 жер үсті өткелдері мен 12 жер асты өткелдерінің санитарлық тазалау жұмыстары қамтамасыз етілді.

Қалалық және аудандық іс-шаралар мен жоспар-тапсырмаларды орындау барысында 38 биодәретхана орнатылды.

Аудан аумағы бойынша жалпы 4 аудандық (коммуналдық) сенбіліктерін өткізу барысында барлығы 540 м3 қоқыстардың шағару жұмыстары жүргізілді: Аудан аумағы бойынша барша заңды тұлғалардың сенбілікке бекітілген учаскілерінің санитарлық тазалығын қамтамасыз етті.

 IV. Елді мекендерді көріктендіру және көгалдандыру.

Аудан бойынша 150 159 817 тенгеге 278,9 га көлемінде саябақтарды, шағын бақтарды, жол бөлетін жолақтарды, көпшілік пайдаланатын орындарды және Ү.Алматы мен Есентай өзендері жағалауын, жол-көлік айрықтары күтіп-баптау және санитарлық тазалау жұмыстары мен 162,8 км. арық жүйелерін тазалау жұмыстарын «Stamp service» ЖШС-і мен жүргізілді.

«Казселезащита» ММ, «Служба спасения» КММ және аудан мердігер ұйымдарымен бірлесе отырып аудан аумағында орналасқан Поганка өзенінің тазалау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында 7 арнайы техника қамтамасыз етіліп барлығы 200 м3 жуық құм, лай және мусор жығарылды.

Аудан аумағында Дулати көшесінің бойында орналасқан саябаққа көріктендіру жұмыстары басталды. Мердігер ұйымы: ТОО «Global Trade Center» жұмыстын жалпы соммасы 178 603 216 тенге.

Алматы қаласы қалалық мобилділік басқармасы тарапынан ауданда келесі жұмыстар жасалды:

-жалпы ұзындығы 2,462 км. болатын 7 көшенің асфальт қыртысын орташа жөндеуден өткізілді және орта жөндеу, ағымды жөндеу жұмыстары өткізілді;

 

V. Тапсырмалар:

Аудан аумағының санитарлық жағдайын бақылау жұмыстарын жалғастыру;

Аудандық коммуналдық қызметтерімен бірге күнделікті ауданды аралап қарау жұмыстарын жүргізу;

Көріктендіру бойынша жұмыстарды жалғастыру (Алматы қаласы Автомобил жолдары басқармасымен жаяу жүргінші жолдары мен көшелердің орташа жөндеу және көгалдандыру жұмыстарын қадағалау;

Аудан аумағындағы барша сыртқы жарықтандыру жүелерінің қадағалау жұмыстары жалғасуда.

 



Көріктендіру

бөлімінің басшысы                                                                                               Р. Сейдраманов