Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
ТКШ ТКШ



Бостандық ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің 2018 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі


I. Көріктендіру 2018 жылы 632 азаматтардың өтініштерін, 157 заңды тұлғалардың арыздарын, 727 жоғарғы тұратын органдардың хаттарын, 539 аудан әкімінің Веб-сайтына мен Instagram әлеуметтік желісінен түскен арыздарды қарастырып, өтініштердің иелеріне тиісті жауаптар берді, бөлім бойынша жалпы саны 2 055 арыз-өтініштер қаралды.

 II елді мекендерді жарықтандыру

Ауданда көшелердегі және тысқы жарық көздерін күту, жөнлеу және қалпына келтірумен «Алматы Қала Жарық» МКК айналысады. 2018 жылы жалпы құны 695 124 000 тг. болатын 392,4 км тысқы жарық желілерінде орналасқан 11 551 жарық көздерін күту жұмыстары атқарылды.

Ағымдағы жылы аудан көлеміне жаңадан қосылған аумақтарда орналасқан РЭС-5 «АЖК» АҚ қондырғыларында ұзындығы 35,3 км. сыртқы жарық көздерін орнату жұмыстары аяқталды. Алматы қаласы әкімдігінің алдында орналасқан саябақта, Жароков көшесінде, Абай даңғылындағы саябақта, Әл-Фараби даңғылында, жаңадан қосылған аумақтағы 11 көшеде сыртқы жарық көздеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 III. Елді мекендерде санитарияны қамтамасыз ету

«Алматы тазалық» МКК мердігер мекемесі   жалпы ұзындығы 259,9 км. 6 көлік жол айрықтарын, 238 көшені және өткел көшелерді санитарлық тазалау жұмыстарын атқарды (жұмыстардың жалпы құны 1 647 132 000 тг). Механикаландырылған және қол жұмыстары негізінде жалпы ұзындығы 172,9 км. болатын жаяу жүргінші жолдары, 7 жер үсті, 12 жер асты өткелдері тазаланып отырды.

Қалалық және аудандық қоғамдық шаралар кезінде 730 биодәретханалар орнатылды (жалпы сомасы 5 840 000 тг).

Жалпы саны 33 қалалық және аудандық (аумақтық) сенбіліктер кезінде 19 600 м3 қоқыс, бүтақтар мен жапырақ шығарылды. Меншік түрі қарастырылмай барлық мекемелер сенбілікке өз ауласын және өзінің іргелес жатқан аумағын тазалауға шығуы ұйымдастырылды.

Және де ағымды жылы 1 895 бас қаңғыбас жануарлар ұсталды, оның ішінде 1 875 ит және 20 мысық. Оның 1 616 басы жойылды.

 IV. Көріктендіру және көгалдандыру

Ауданда жалпы алаңы 274,4 га. болатын бақтар мен саябақтардың, көшелердегі бөлу жолақтарының аумақтарын, Есентай, Үлкен Алматы өзендерінің жағалауларын   тазалау, ағымды күту шаралары атқарылуда (жұмыстың жалпы құны 1 174 703 000 теңге). «Stamp Service» ЖШС күшімен ұзындығы 162,8 км. арық жүйелері тазаланды.

Ауданда 2 160 ағаш қалыпқа келтіретін қырқудан, 4 500 ағаш санитарлық қырқудан және 300 апаттық ағаш кесу жұмыстары өткізілді.

Ағымдағы жылы аудан аумағында орналасқан 12 жерасты және 7 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстардын жалпы сомасы 641 261 151 тенге.

Гүлдендіру және көріктендіру шаралары келесі көлемдерде өткізілді:

-жалпы алаңы 1000 м2 болатын жайларда гүл егілді

-62 239 м2 алаңға газон отырғызылды

-1 737 дана ағаш, 2 045 дана бұта отырғызылды

-70 дана вазонды гүлдер орнатылды

-төсеме тастармен жабдықталған 7 568 м2 алаңға жөндеу жұмыстары жұргізілді.

-140 қоқыс жәшіктері, 80 орындық және 500 боллардтар орнатылды.

-жалпы көлемы 24 718 м2 асфальтты алаңға ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді;

«АлғАзия.kz» ЖШС күшімен 6 500 000 теңгеге жалпы адаңы 180 га. болатын жерлердің жасыл желектерін қорғау шаралары атқарылды.

Габдуллин және Манас көшелерінің жаяу жүргінші жолдарын және іргелес аумағын күрделі жөндеуден өткізу үшін 17 962 485 теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.

Алматы қаласының Құтқару қызметімен, «Казселезащита» МК, аудандық мекемелермен және коммуналдық мекемелермен қосыла отырып Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің, М-1, М-2 каналдарының түбін тереңдету шаралары атқарылды. Жалпы көлемі 10 200 м3 қоқыс пен құм-топырақ шығарылды, шараға 33 дана арнайы техника қатысты.

Аудан бойынша Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан келесі аймақтарда гүл егу және көріктендіру шаралары атқарылды.

-жалпы саны 667 дана тік орнатылған қондырғыларға гүл шоқтарын отырғызу шаралары атқарылды (жалпы сомасы 147 629 440 тг);

-жалпы алаңы 25 695 м2 жерде әшекейлі қондырғыларға отырғызылған гүлдерді орнату және күту шаралары орындалды (жалпы сомасы 364 821 646 тг);

-жалпы ұзындығы 7 484 м. болатын арық жүйелерін және нөсер сулар желілерін салу және реконструкциялау шаралары 15 участкілерінде жұмыс жүргізілді;

-Южный саябағында көкалдаңдыру және көріктендіру шаралары атқарылды;

-Орбита-3 және Мустафин көшесі 5 үй қасындағы су бұрғағына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (жалпы сомасы 7 692 160 тг);

-«Кереңқұлақ» өзен арнасына күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (жалпы сомасы 384 280 451 тг), көріктендіру аясында 2 500 дана ағаш өзен бойына отырғызылды.

- Байзақов көшесі Тимирязев көшесі мен Сәтбаев көшелерінің арасына көріктендіру және көгалаңдыру жұмыстарына ЖСҚ дайындалды;

-Үлкен Алматы өзенінің арнасына күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ дайындалды.

Құрылыс басқармасы тарапынан Абай даңғылына Есентай өзені мен Назарбаев даңғылы аралығына және Назарбаев даңғылы Абай даңғылы мен Әл-Фараби даңғылы аралығына Ян Гейл концепсиясы негізінде көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Көріктендіру кезінде 475 ағаш, 113 бұта, 31 композиция, 32 213 шаршы метр газон отырғызылды.

Алматы қаласы Автомобильді жолдар және жолаушылар көлігі басқармасы тарапынан ауданда келесі жұмыстар жасалды:

-жалпы ұзындығы 34,7 км. болатын 40 көшенің асфальт қыртысын орташа жөндеуден өткізілді және жалпы алаңы 11 644 шаршы метр ұзындығы 4 665 метр жаяу жүргінші жолдарын жаңадан салды, ағымды жөндеу жұмыстар көлемі 30 000 шаршы метрді құрады;

-Мұстафин көшесіне, Жандосов көшесіне, Темирязев көшесіне BRT жобасы бойынша жөндеу жұмыстары атқарылуда. Көріктендіру барысында 418 ағаш, 3 614 бұта, 10 000 бұта, 45 350 шаршы метр газон егілді.

Қауіпсіздік мақсатында 4 мекен-жай бойынша, Сәтпаев көшесі мен Шагабутдинов көшесі қиылысына, Жароков көшесі мен Байқадамов көшесі қиылысына, Гагарин даңғылы мен Ходжанов көшесі қиылысына және Гагарин даңғылы мен Дулати көшесі қиылысына бағдаршамдар орнатылды

 

V. Тапсырмалар

- аудан аумағының санитарлық жағдайын қадағалауды әрі қарай жалғастыру;

-күнделікті тәртіпте коммуналдық қызметтермен бірлесіп ауданды аралау;

-аудан аумағын көріктендіру шараларын жалғастыру (жолдардың асфальт қыртыстарын орнына келтіру және аумақтарды көгалдандыру);

-аудан аумағын жарықтандыру жұмыстарын әрі қарай жалғастыру.

 

 

Көріктендіру

бөлімінің басшысы                                                           Р. Сейдраманов