Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
ТКШ ТКШ



Алматы қаласында үй жануарларын ұстау Ережесі


Жаңа ереже бойынша Алматыдағы пәтерлерде екіден артық үй жануарларын ұстауға тыйым салынады. Ал үйінде ит пен мысық асырайтындар оларды тіркеуге тұрғызуға міндетті, деп хабарлады Алматы қаласындағы Бостандық ауданы мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекциясының бас маманы Дәурен Нұрқадыров.
Алматы қалалық мәслихатының ІХ сессиясында осыған қатысты мәселелер қаралып, үй жануарларын ұстау ережелері қабылданған болатын. Бұрынғы ережелермен салыстырғанда зоогигиеналық, санитарлық-гигиеналық талаптары анық айқындалған бұл ережелер қазір қолданысқа енгізілген. Мәселен, 1997 жылғы сессияда қабылданған ережеде, көпқабатты үйдегі пәтерде тұратын бір отбасы қанша ит пен мысық ұстау керектігі белгіленбеген, ал жаңа ережеде пәтер тұрғыны екі ит пен екі мысықтан артық үй жануарларын ұстауға тыйым салынған. Ал жеке тұрғын үйлерде, ғимараттарда және оған іргелес аумақтарда, сол аумақтардың иелерінің рұқсатымен ғана бес ит, бес мысық ұстауға болады. Мұның өзінде, егер жануарларды ұстау жағдайы зоогигиеналық және санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келсе ғана жеке тұрғын үй иелеріне рұқсат беріледі. 
- Жаңа ереже бойынша, тұрғын үй қорына қарасты пәтерлерде және жеке тұрғын үйлерде иттер мен мысықтардың түрлерін көбейту үшін арнайы қоралар менпитомниктерді ұйымдастыруға, асхана, дәліз, баспалдақ, жертөле сияқты көпшілік пайдаланатын орындарда ит пен мысық ұстауға тыйым салынады. Барлық үй жануарларына екі жастан асқаннан кейін төлқұжат беріліп, тіркеуге алынады. Олар міндетті түрде ветеринарлық аурулардың алдын алу, паразиттерден тазарту шараларынан өткізілуі тиіс. Тіркеуге алынбаған және әртүрлі ауруларға қарсы егілмеген үй жануарларын ұстауға рұқсат етілмейді. Иттерін серуендетуге алып шығушыларға да жаңа ереже енгізілді. Біріншіден итті серуенге алып шыққан адамда үй жануарының нәжісін жинап алатын ыдысы болуы керек, міндетті түрде тұмсығына тұмылдырық кигізіледі және айналасындағыларға кедергі келтірмеу үшін 1,5 метрден аспайтын қарғыбаудан ұстап жүруі шарт. Рұқсат берілген немесе арнайы белгіленген орындардан басқа, балалар ойнайтын алаңдарда, саябақтарда, тағы басқа да қала тұрғындары жаппай демалатын орындарда итпен серуендеуге тыйым салынады. Қоғамдық орындарда, көшелерде байлаулы тұрған иттерден басқа бос жүрген иттер қараусыз жануарлар санатына жатады. Оларды арнайы маманданған ұйым ұстап, иттерді арнайы оқшаулау орындарына апарып тапсырады. Ол жерде 3 күннен кейін дәрі қолдану арқылы ұйықтатып, залалсыздандырылады да өлген малдарды көметін арнайы орынға жеткізіледі, - дейді Бостандық ауданы мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекциясының бас маманы Дәурен Нұрқадыров.
 
 
Алматы қаласында жануарларды ұстау туралы 
ЕРЕЖЕСІ
1 бөлім.
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Алматы қаласында жануарларды ұстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "­кімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, қала тұрғындарын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бірге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді. 

2. Осы Ережеде төмендегі түсініктер қолданылды: 

1) қараусыз жануарлар - меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босып кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сондай-ақ оның иесі меншік құқығынан бас тартқан үй жануары; 

2) ветеринарлық құжаттар - мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау объектiлерiне ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ветеринарлық инспекторлар беретiн ветеринарлық-санитариялық қорытынды, ветеринарлық куәлiк, ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама; 

3) ветеринарлық iс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуiн немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iндетке қарсы, ветеринарлық-санитарлық рәсiмдер кешенi; 

4) ветеринарлық төлқұжат - ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, жануардың түрi, жынысы, түсi, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргiзiлген ветеринарлық дауалаудың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi; 

5) ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер - ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринарлық нормативтер негiзiнде ветеринарлық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт; 

6) ветеринарлық-санитарлық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринарлық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеруi; 

7) жануар иесі - жеке және басқадай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлға; 

8) иттер мен мысықтарды серуендету - иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғаның жалға алған жануарлардың жайлардан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы бөлінген аумақтарда болуы; 

9) дегельминтизация - арнайы ветеринарлық препараттардың көмегімен жануарларды гельминттерден тазалау, бөлінетін паразиттерді, олардың фрагменттерін, жұмыртқаларын және балапан құртын міндетті түрде жоюды жүзеге асыру. 

10) дезинфекция, дезинсекция және дератизация - жұқпалы және паразиттік ауруларды қоздырғыштарды, тұрмыстық жәндіктерді және кеміргіштерді өндірістік, тұрғын үй ғимараттарында, көлікте, қоғамдық орындардың жайларында және аумақтарда жоюға арналған алдын алу шаралары; 

11) жабайы жануарлар - құрылықтағы, судағы, атмосферадағы және топырақтағы табиғи еркіндік жағдайында тіршілік ететін сүтқоректілер, құстар, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер және басқалар;

12) үй жануарлары - ауыл шаруашылық мақсаттағы жануарлардан басқа, адамның толық немесе жартылай ұстайтын тамақ өнімдері мен өнеркәсіп шикізатын алу үшін пайдаланбайтын зоологиялық түрлері; 

13) жануарлар - ауылшаруашылығы, үй, жабайы, жыртқыш және улы: сүтқоректілер, құстар, бал аралар, балықтар, қосмекенділер, жәндіктер және тағы басқа да жануарлар әлемінің өкілдері; 

14) инсектицидті препараттар - зиянды жәндіктермен күресудің химиялық құралдары; 

15) карантин - iндет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында iндет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринарлық - санитарлық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеудi немесе тыюды және мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринарлық және әкiмшiлiк-шаруашылық іс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим; 

16) мысық - мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, мысықтұқымдас үй жануары; 

17) номірлік таңба - жануарлардың денесіне цифрлармен көрсетіліп салынатын шартты белгі, ол жануарлардың есебін жүргізуге, бір түрін екінші түрінен ажыратуға, жануарлардың заңды немесе жеке тұлғаға тиістілігін анықтауға мүмкіндік береді; 

18) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар; 

19) жануарларға арналған паналау баспанасы - қараусыз жануарларды уақытша ұстау үшін арналған арнайы жабдықталған нысандар; 

20) ит - мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, қасқыр тұқымдас үй жануары; 

21) ауыл шаруашылығы жануарлары - адамдар өсіретін ауыл шаруашылығы жануарларының және құстардың ауыл шаруашылығы өнімдеріне тікелей қатысы бар барлық түрлері (ірі қаралар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен бұғылар, тауықтар, үйректер, қаздар, күркетауықтар, бал аралар, мамық жүнді аңдар мен қояндар); 

22) жануарларды ұстау - жануар иелерінің жануарлардың өмірін, оның жеке саулығын сақтау үшін, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды ұстана отырып толыққанды тұқым алу, сондай-ақ адамдардың және жануарлар әлемінің қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері; 

23) токсоплазмоз - токсоплазмалар қоздыратын адамдар мен жануарлардың паразитарлық аурулары. Инфекция көздері - мысықтар және етпен қоректенетін басқа да мысықтұқымдастар, сондай-ақ үй және жабайы жануарлардың әртүрлі түрлері;

24) жыртқыш жануарлар - басқа жануарлармен қоректенетін жануарлардың жалпы атауы; 

25) ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн, өз өкiлеттiгi шегiнде ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. 

3. Алматы қаласында жануарлардың қатысуымен өткізілетін көрмелер, асыл тұқымды мал жәрмеңкесі, жарыстар, аттракциондар мен тағы басқа да шаралар ветеринария, жануарлар аурулары инфекцияларға зертханалық тексерулер саласындағы өкілетті мемлекеттік органдардың және аудан әкімінің келісімі болған жағдайда өтеді. Осы аталған іс шараларға сәйкестендіру микрочипі, ветеринарлық төлқұжаты бар жануарлар, соңғы ветеринарлық егуден және дегельминтизациядан өткен уақыты туралы белгі соғылған жағдайда ғана қатыстырылады. 

4. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарларды алу және жою Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Иттер мен мысықтар оның иелерінен егер де олар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда жануардан адамға жұғатын өте қауіпті, жұқпалы және вирусты ауруларды немесе қауіпті аурулардың барлығына зерттеу жүргізу үшін алынады. Егер де жануар сау болса онда иесіне кері қайтарылады. 

5. Осы Ережеде белгіленген талаптарды орындауға мемлекеттік бақылауды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясы, энергетика және коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы органдары, сондай-ақ Алматы қаласы аудан әкімдері аппараттары, ішкі істер департаменті, Алматы қаласы ауыл шаруашылық басқармасы және және белгіленген тәртіпте өкілеттігі берілген және құзыреттеріне сәйкес басқа да өкілетті органдар жүзеге асырады. 

6. Осы Ереженің талаптары меншік түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Алматы қаласының аумағында орналасқан, жеке және басқадай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануариелеріне таралады.
2 тарау. Жануарларды тіркеу тәртібі
7. Жануарларды тіркеу сәйкестендіру жолымен адам мен жануарларға ортақ өте қауіпті жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу, адамдарды жануардың қауып алуынан, жоғалып кеткен жануарларды іздеу және санын реттеу мақсатында жүзеге асырылады. 
Иттер мен мысықтардың санын реттеу оларды иелерінің қалауы бойынша олардың есебінен ветеринарлық емханаларда зарарсыздандыру арқылы жүзеге асырылады. 

Ескерту. 7 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2008.10.10 N 150 шешімімен

8. Тіркеу кезінде жануардың иесі осы Ережемен танысуы тиіс. Танысу реті жануар иесінің Тіркеу кітабындағы қолымен расталады. 
Иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттерді Алматы қаласы ішкі істер департаментінің кинология қызметі орталығында тіркеу кезінде, осы Ережемен танысу реті жануар иесінің қолымен расталуы тиіс. 

9. ­рбір тіркелген жануарға сәйкестендіру нөмірі беріледі, оның барлық өмір сүру уақыты бойында сақталады. Жануардың сәйкестік белгісі нөмірлік жетоннан және ветеринарлық төлқұжаттан басқа микрочиа немесе жануарда нөмірлік таңба салу пайдаланылады. 
Микрочипті жануарға (асыл тұқымды, спорттық ауыл шаруашылық жануарлары, тұқымды иттер мен мысықтар) қызмет түріне сәйкес мемлекеттік ветеринарлық лицензиясы бар ветеринар дәрігер денесіне тігеді (орналастырады). 

10. Иттер мен мысықтарды тіркеу тәртібі: 

1) Барлық қызметтік, күзет, аңшы және иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін иттер, тұрғындарға, кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге тиесілі иттер тұқымына қарамастан, сондай-ақ мысықтар Алматы қаласы бойынша жануарлардың сәйкестігінің компьютерлік мәліметтер базасына енгізу үшін қала жануарларын тіркеу жөніндегі мекемеде міндетті есепке алуға және тіркеуге жатады. 

2) Барлық иттер мен мысықтар екі жастан бастап міндетті тіркеуге жатады. 

3) Иттер мен мысықтарды тіркеу және қайта тіркеу кезінде олардың иелері келесі мәліметтерді тапсырады: иесінің жеке куәлігі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, мекен-жайы, байланыс телефоны, ит пен мысықтың тұқымы, жынысы, аты, туған жылы, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаттамасы. 

11. Ауылшаруашылық, үй, жабайы, жыртқыш және улы жануарларды тіркеу тәртібі: 
Тұрғындарға, меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге тиесілі барлық ауылшаруашылық, үй, жабайы, иесінен ерекше жауапкершілікті талап ететін жыртқыш және улы жануарлар Алматы қаласы бойынша жануарлардың сәйкестігінің компьютерлік мәліметтер базасына енгізу үшін қала жануарларын тіркеу жөніндегі мекемеде міндетті есепке алуға және тіркеуге жатады. Жануарларды тіркеу кезінде оның иесіне ветеринарлық төлқұжат және жануар иесінің есебінен белгіленген үлгідегі нөмірі берілген жетон (оның дайын болуына қарай) беріледі. 

12. Иттер мен мысықтар әуесқойлар қоғамына, ит өсірушілер клубына өздеріне тиесілі иттері мен мысықтарын қаладағы жануарларды тіркеу жөніндегі мекемеде белгіленген тәртіпте тіркемеген немесе қайта тіркемеген азаматтарды қабылдауға тиым салынады. 

13. Жануарлардың иелері оны сатып алғанда немесе мекенін ауыстырғанда екі аптаның ішінде тіркеледі. 

14. Жануар мерт болғанда ветеринарлық төлқұжаты мен жетоны бұрын жануар тіркелген органға немесе мекемеге тапсырылады. 

15. Тіркеу органына жануардың қолдан кетуі (сату, жоғалу, мерт болуы, басқа тұлғаға беру) туралы оны есептен шығару немесе қайта тіркеу үшін хабарланады.

3 бөлім
12 тарау. 
Жануарлар иелерінің осы Ережені сақтаудағы жауапкершілігі
81. Жануарға қатыгез қараған, тіркелмеген (есепте тұрмаған) және егілмеген иттер мен мысықтарды ұстаған, осы Ережені сақтамаған жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады. 

82. Айыппұл салу немесе өзге шара қолдану кінәлі адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен белгіленген тәртіпте шығынның орнын толтырудан босатпайды. 

83. Жануарлардың азаматтардың денсаулығына және мүліктеріне келтірілген зиян, заңнамада белгіленген тәртіпте жануарлар иелерінің есебінен өндіріледі. 

13 тарау. Қорытынды ережелер
84. Тіркеуге жататын жабайы, жыртқыш, улы және экзотикалық жануарларды, иттер мен мысықтарды оның иелері, оларды осы Ереже бұқаралық ақпараттық басылымдарда жарық көргеннен бастап үш айдың ішінде тіркеулері тиіс. 

85. Иттер мен мысықтарды питомниктерде уақытша ұстау құқықтары, үй жануарларына арналған питомниктерді құрылған ретіне қарай туындайды.