Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
ТКШ ТКШ



ҚР Үкіметінің 2011 жылғы «ҚР-нда ТКШ жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асыру


Бүгінгі таңда Алматы қаласы Бостандық ауданы  ҚР Үкіметінің  2011ж ТКШ модернизациялау бағдарламасын іске асырудағы инновациялық алаңы болуда.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Азаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші – тұрғын үй жайлылығының деңгейі» деп атап көрсеткен болатын. Осы Жолдауда Мемлекет басшысы ел Үкіметінің алдына жедел түрде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту бағдарламасын қолға алуды міндеттеген болатын. Осыған байланысты Үкімет үстіміздегі жылы ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасының жобасын жасап бекітті.  Бүгінде бұл бағдарламаны іс жүзіне асыру жөніндегі кешенді жұмыстарды атқару үрдісі басталып та кетті. ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы негізгі үш бағытты қамтиды. Бірінші, «Жол картасы» қағидаттары  шеңберінде жылу, электр және газбен жабдықтау жүйелерін модернизациялау. Бұл бағыттың басым бағыты жүйелердің апатты жағдайын жойып, оларды жаңғырту арқылы жүйелерде болатын жылу және электр шығындарын болдырмау. Екінші, көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуді қамтамасыз ету. Үшінші, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру болып табылады. Коммуналдық саланы модернизациялау кезінде қаржыландырудың мынандай жобалары айқындалды. Бірінші, мемлекет меншігіндегі инженерлік жүйелерді жаңғырту бюджет қаржысы есебінен және тарифтік реттелу негізіне сүйенген кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламалары есебінен жүзеге асырылады. Екінші, жеке меншік қолындағы инженерлік жүйелерді жаңғырту тариф есебінен жүргізіледі. Үшінші, коммуналдық қызметке тұрғындардың қатысуын қамтамасыз ету үшін салынған жаңа инженерлік жүйелердің құрылысы бюджет есебінен атқарылады. Көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізу жұмыстары да екі бағытта атқарылатын болады. Атап айтқанда, көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізуді қаржыландырудың екі жолы белгіленген. Бірінші жолы, ӘКК-ні мамандан­дырылған инвестициялық (қаржылық) ұйым ретінде пайдалануды білдіреді, ол терможаңғырту элементтері бар көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға нысаналы түрде бөлінетін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылып отырады.
Пилотты жоба бойынша Бостандық ауданында Тимирязев-Әуезов Габдуллин-Байзақов көшелері кескініндегі 40 үй күрделі жөндеу жоспарына енгізілген, тұрғындардың өтініші бойынша қосымша 9 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде,қазіргі таңда барлығы 49 үй,оның 18 толық жөндеуден өтті.Жөндеу жұмыстарымен 16 подрядтық ұжым жұмыс жасауда.Болашақта ауданымыздың барлық үйлерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі деген жоспар бар.