Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
ТКШ ТКШ



Ауданда сыртқы жарықтандыру желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде


Ағымдағы 2019 жылы Бостандық ауданында ұзындығы 22,3 км болатын 53 көшеде «АЖК» АҚ сыртқы жарықтандыру желілерін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Сондай-ақ, осы жылы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық дамыту басқармасы Бостандық ауданы бойынша жарықтандырылмаған көшелер мен аулаларда сыртқы жарықтандыру желілерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге кірісті.

 Жобаға 142 жарықтандырылмаған көше, жартылай жарықтандырылған 62 көше және 266   жарығы жоқ аулалар енгізілді.