Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Заңдастыру туралы ЗАҢДАСТЫРУ ТУРАЛЫ



Қазақстан Республикасы мүлікті жария ету заңы


                                             Қазақстан Республикасының Заңы


Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

(2015.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

6-бап. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым

1. Мүлiктi жария еткенi үшiн алым (бұдан әрi - алым):

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда - ақшаны;

2) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi немесе эмитенттері шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздарды немесе шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк) жария еткен кезде өндіріліп алынады.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Алым:

1) осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен жария етілетін ақша сомасының;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрған, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген, арнайы декларацияда көрсетілген мүлік құнының он пайызы мөлшерінде төленеді.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мынадай:

1) мемлекеттік кіріс органдары арнайы декларацияны қабылдаудан бас тартқан;

2) жария еткені үшін алымды төлеу бойынша міндеттемелер болмаған жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргізілмейді.

Бұл ретте қайтару Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жария ету субъектісінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7-бап. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуді ұйымдастыру және өткізу тәртібі жөніндегі жалпы ережелер

1. Егер осы Заңның 10-бабында өзгеше белгіленбесе, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:

1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі - өтініш);

2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін;

3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын;

4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды жария ету субъектілері жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша комиссияға ұсынады.

3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету мерзімі ішінде жария ету субъектілерінің құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы нақ сол бір жылжымайтын мүлікке қайтадан өтініш беруге құқығы жоқ.

4. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттар себептері көрсетіле отырып, мынадай:

1) осы Заңда белгіленген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған;

2) ұсынылған құжаттарда өшіріп тазарту мен түзетулер болған;

3) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында осындай құжаттарға қойылған талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қайтарылуға жатады.

Жылжымайтын мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негіз болған себептер жойылған кезде осы Заңда белгіленген құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету мерзімі ішінде жария ету субъектісі қайтадан өтініш беруге құқылы.

5. Өтінішті комиссия өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.

6. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария етудің жүргізілуін ұйымдастыру қағидаларын, жария етілген мүлікті тізілімге енгізу тәртібін және оның нысанын, комиссия туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

7. Осы Заңда белгіленген талаптар сақталған кезде комиссия осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімде:

1) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешім шығарады;

2) құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету туралы шешімді жария ету субъектісіне береді;

3) мәліметтерді жария етілген мүліктің тізіліміне енгізеді.

8. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік осы Заңның 2, 3 және 7-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде осындай мүлікті жария етуден бас тартуды комиссия шешім қабылдау арқылы жүзеге асырады.

9. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік комиссия жария ету туралы шешім шығарған күннен бастап жария етілген болып саналады.

10. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік жария етілген жағдайда мемлекеттік органдар мен ұйымдар жария ету субъектісінің өтініші негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттарды ресімдейді.

11. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлік бойынша ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.

Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлікті ресімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

12. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісі туралы ақпаратты комиссия жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдарға ұсынады.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 8-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8-бап. Ақшаны жария етудi ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбi жөнiндегi жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктері, осындай банктердiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан филиалдарын қоспағанда (бұдан әрі - екiншi деңгейдегi банктер), Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектісінің өтініші негізінде жеке ағымдағы банктік шот (бұдан әрі - ағымдағы шот) ашады.

2. Ақша мынадай тәртіппен:

1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ашылған ағымдағы шотқа салу (аудару) және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады.

Шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайды;

2) екiншi деңгейдегi банкте, Ұлттық пошта операторында ағымдағы шотқа ақшаны салмай (аудармай) - жария етілетін ақшаның сомасынан алымды төлеу және тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру арқылы жария етілуге жатады.

Бұл ретте алым мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсырғанға дейін төленуге тиіс.

3. Жария етілетін ақшаны ағымдағы шотқа енгізген (аударған) кезде екiншi деңгейдегi банк, Ұлттық пошта операторы жария ету субъектісіне осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама береді.

4. Ағымдағы шотқа ақша енгізілгенін (аударылғанын) растау туралы анықтаманың көшірмесі немесе осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда - алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесі қоса берілген арнайы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы қабылдаған күннен бастап ақша жария етілді деп саналады.

5. Жария ету субъектілері өз қалауы бойынша жария етілген ақшаларға, оның ішінде:

1) қазақстандық қор биржасында орналастырылған бағалы қағаздарға;

2) «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында орналасқан қаржы құралдарына;

3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзге де активтерге инвестициялау жолымен оларға билік етуге құқылы.

6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы мен анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.

Ақшаны жария ету рәсімімен байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету

1. Жария ету субъектісінің Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі, оның ішінде басқа тұлғаға ресімделген мүлкі (ақшадан басқа) мынадай:

1) осы Заңда белгіленген тәртіппен алымды төлеу;

2) жария етілетін мүліктің атауын, оның құнын және орналасқан жерін міндетті түрде көрсете отырып, тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыру шарттарының жиынтығы сақталған кезде жария етуге жатады.

Бұл ретте төленген алым арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің құнынан есептелген алым мөлшеріне міндетті түрде сәйкес болуға тиіс.

2. Арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жария ету субъектісінің мүлікке не басқа тұлғаның мүлікті жария ету субъектісіне бергенге дейінгі оған меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) арнайы декларацияға қоса беріледі.

Бағалы қағаздарды, қатысу үлесін жария еткен жағдайда жария ету субъектісі меншік құқығын растайтын шет мемлекеттің тиісті органы немесе ұйымы берген өзге де құжатты ұсынуы мүмкін;

3) шет мемлекеттің қолданатын құқығына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған, басқа тұлғадан жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікке меншік құқығын өтеусіз немесе өзге де нысанда беру туралы шарттың немесе өзге де құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

4) алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер арнайы декларацияға қоса беріледі.

Арнайы декларацияға қоса берілетін құжаттар және (немесе) мәліметтер қазақ немесе орыс тілінде ресімделген болуға немесе нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы болуға тиіс.

3. Осы бапта көрсетілген мүлік жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілді деп саналады.

4. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

10-бап. Басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету

1. Осы баптың қағидалары бойынша жария ету субъектісі басқа тұлғаға немесе жария ету субъектісіне ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге құқылы.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария ету жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына арнайы декларацияны тапсыруы арқылы жүргізіледі.

3. Арнайы декларацияға арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын мынадай құжаттар және (немесе) мәліметтер:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жария етілетiн мүлiкке жария ету субъектісінің меншік құқығын белгілейтін құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

3) басқа тұлғаның жария ету субъектісіне (басқа тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария еткен жағдайда) мүлікті өтеусiз немесе өзге де нысанда меншік құқығын бергені туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

4) жария ету субъектісінің қалауы бойынша қоса берілетін, арнайы декларацияда қамтылған ақпаратты растайтын өзге де құжаттар және (немесе) мәліметтер қоса беріледі.

4. Басқа тұлғаға ресімделген Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке (ақшадан басқа) жария ету субъектісінің меншік құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделеді.

5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлік жария ету субъектісінің тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органы арнайы декларацияны қабылдаған күннен бастап жария етілді деп саналады.

6. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.

Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мүлікті жария етудің рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды

10-1-бап. Жария ету субъектісіне салықтық рақымшылық жасау

1. Салықтық рақымшылық жасау жария етілген ақшаны, жария етілген мүлікті (құрылысты) сатып алу үшін қаражатты қалыптастыру көзі болып табылатын жария ету субъектісінің кірісіне, сондай-ақ мүлікті жария еткенге дейін пайдаланудан (билік етуден) түскен кірістерге (бұдан әрі - жария ету субъектісінің кірісі) осы Заңда көзделген тәртіппен жария ету субъектісі мүлікті жария ету кезінде қолданылады.

2. Салықтық рақымшылық жасау деп осы Заңмен белгіленген тәртіппен мүлік пен ақшаны жария еткен жағдайда - жария ету субъектісінің 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде алған кірісі жөнінде жеке табыс салығы бойынша жария ету субъектісінің салық міндеттемесін тоқтату түсініледі.

3. Салықтық рақымшылық жасауға жататын жеке табыс салығының мөлшері:

1) өтініште немесе арнайы декларацияда көрсетілген жария етілген мүліктің (ақшадан басқа) құнының;

2) арнайы декларацияда көрсетілген ақша сомасының;

3) мүлікті жария еткенге дейін оны пайдаланудан (мүлікке билік етуден) алынған кіріс мөлшерінің он пайызы мөлшерінде айқындалады.

4. Жария ету субъектісінің салық міндеттемесі осы бапта белгіленген шарттар сақталған кезде тоқтатылуға жатады.

5. Ұсынылатын мәліметтердің толықтығы және анықтығы үшін жария ету субъектілері жауапты болады.

Салықтық рақымшылық жасау рәсіміне байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес көтереді.

11-бап. 2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12-бап. Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдаудың ерекшелiктерi

Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

13-бап. 2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

1 2 3