Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Заңдастыру туралы ЗАҢДАСТЫРУ ТУРАЛЫ



Қазақстан Республикасының мүлікті жария ету заңы


                                            Қазақстан Республикасының Заңы


Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы

(2015.13.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

14-1-бап. Мүлікті репатриациялау

Осы Заңда көзделген кепілдіктерді беру, егер тиісті мүлік оны жария еткен күні:

1) ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымы орындалмайтын және (немесе) толық дәрежеде орындалмайтын;

2) салық салу мақсаттары үшін ақпарат алмасу жөніндегі нормаларды қамтитын халықаралық шарт жасалмаған мемлекетте (аумақта) орналасқан жағдайларды қоспағанда, арнайы декларацияда көрсетілген мүлікті Қазақстан Республикасының аумағына қайтару фактісіне байланысты болмайды.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15-бап. Осы Заңда белгіленген талаптарды бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғалары мен жұмыскерлерінің осы Заңда белгіленген талаптар мен кепілдіктерді бұзуы олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығына әкеп соғады.

2. Жария ету субъектілерінің осы Заңда белгіленген талаптар мен шарттарды бұзуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлікті және (немесе) кірісті жария ету нәтижелерін жоюға және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

16-бап. Комиссия қабылдаған шешімдерге қатысты құқық мирасқорлығы және өкілдік

Комиссияның мүдделерін, оның ішінде комиссия қызметінің тоқтатылған кезінен бастап мүдделерін білдіруді жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

Құқық мирасқорына мүлікті жария ету не жария етуден бас тарту туралы комиссия шешім шығарған мүлікке қатысты талапкер немесе жауапкер болу өкілеттіктері ауысады.

2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-бап. Шағым жасау тәртібі

Комиссияның, мемлекеттік кіріс органының шешімдеріне, сондай-ақ мүлiктi жария етуді өткізу кезіндегі өзге де әрекеттерге (әрекетсіздікке) Қазақстан Республикасының заңдарындакөзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.

2015.13.11. № 400-V ҚР Заңымен 17-1-баппен толықтырылды

17-1-бап. Арнайы ережелер

Осы Заңның ережелері, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жария етуге (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттемелерді, сондай-ақ «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының және оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актілердің ережелерін қоса алғанда, ешқандай түрде ешқандай да ерекшеліктерді көздемейді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген Қазақстан Республикасының міндеттемелерін қозғамайды және шектемейді.

18-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

Осы Заң 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2014 жылғы маусымның 30-ы.

№ 213-V

1 2 3