Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.08.2019

Тұрғындар проблемаларын шешу бойынша кездесу өтті


Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бекітілген кестеге сәйкес Бостандық ауданы әкімі аппараты алғашқы «Ашық есік күнін» өткізді.

 

Шара ауданға жаңа қосылған аумақта Нұр Алатау шағын ауданындағы № 189 жалпы білім беру мектебіне өтті.

 

Аудан басшысы мен құрылымды бөлімі өкілдерімен кездесуге жиналған халық саны көп болды.

 

Шараның мақсаты: аудан тұрғындарының өзекті мәселелері мен сұрақтарын анықтау және оларды тиімді шешу бойынша тиісті шара қолдану.

 

Тұрғындармен қойылған сұрақтардың басым бөлігі жер участкесін заңдастыру, зират шекарасы, ауыз су және жол жөндеу жұмыстарына қатысты болды. Қойылған сұрақтарға тиісті құрылымдық бөлім және басқарма өкілдері заң шеңберінде жауаптар берді.

 

Осындай кездесулер мемлекеттік орган, басқармалар мен халық арасында конструктивті диалог орнатып, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер мен сұрақтарын шешуде оң ықпалын тигізеді деген сенімдеміз.


01.08.2019