Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.11.2019

«Бақытты отбасы» орталығында баспасөз конференциясы өтті.


Ағымдағы жылдың 31 қазанында Бостандық ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығында «Бақытты отбасы орталықтарының заманауи өміріндегі рөлі» тақырыбындағы баспасөз конференциясы өтті.

    

Іс-шараға Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева, аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің жетекшісі Дылдыбаев Д, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Г.М.Мадибекова, орталық өкілдері Танашева Г.Ш., Букаева А.Т., Бахибаева Р.С. және көп балалы аналар қатысты.

  

Пресс-конференция барысында спикерлер Орталықтың негізгі міндеттері, жақын арадағы мақсаттары мен жоспарлары, атқарылған жұмыстар туралы сөз болды.

Көпбалалы аналарды қолдауға арналған нысан ауданнның көпбалалы аналарын көмекпен қамтымақ. Розыбаекиев көшесі,250 үйде ашылған орталықта еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстар өткізіледі.

Оған қоса, бизнес жоспар құрып, 500 мың теңге көлемінде іс бастау үшін грант алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, құқықтық көмек көрсетіліп, көпбалалы аналарға психологтар кеңес береді.

Бостандық ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығы 2019 жылдың қыркүйек айында ашылған. Орталық жетекшісі - Танашева Гаухар Шаймерденқызы, көп балалы ана, 8 баланың анасы, «Қазақстан балалары» ҚҚ директоры.

 

Орталықта заңгерлік көмектер,кеңестер көрсетіледі. Мұнда көп балалы аналарға кәсіп игеру тегін оқулар жүргізіледі. Сондай ақ балаларға арналған менталды арифметика, ашық курстар, актерлер шеберлік, өнер шеберханалары бар.

Айта кетейік, «Бақытты отбасы» орталықтарының ашу туралы игі бастаманы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тапсырған болатын.

01.11.2019