Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.06.2017

Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті


  4 маусым күні Елімізде Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтеді. 1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. 

  Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері болып саналады.

           

 Осы орайда Бостанық ауданы Тұңғыш Президент саябағында аудан жастары мен   оқушылар еліміздің мемлекеттік рәміздер күнін кең ауқымда атап өтті.

 Шара әдентінше Мемлекеттік әнұранмен ашылып, артынан Бостандық ауданының әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев алғы сөзімен ашылды.

          

 № 3 балалар шығармашылығы үйінің талантты тәрбиеленушілердің ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама жалғастырды. Мелмекеттік Ту алып шыққан жеткіншектер ортада сап түзеп ән шырқады.

          

Шара соңы барша жұрттың аспанға көгілдір, сары шарларды ұшырумен аяқталды.

Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті.

 1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді. Егемен Қазақстанның бүгінгі Елтаңбасы екі танымал сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың қыруар еңбегінің жемісі болып табылады. 

1992 жылы республикамыз әнұранның әні мен мәтініне конкурс жарияланды. Тұңғыш Қазақстан әнұран әнінің авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди. 2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.


05.06.2017