Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.11.2019

Бостандық ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды


Бүгін Бостандық ауданында Алматы қалалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының қолдауымен аға буынға өкілдеріне арналған «Асыл жүрек» белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды.

Енді ауданның зейнеткерлері үшін орталықта медициналық және сауықтыру гимнастикалары, арнайы йога, шахмат пен тоғыз-құмалақ, домино ойындары, фильмдер көру, компьютерлік сауаттылықты үйрету және смартфондармен жұмыс істеу кабинеттері жұмыс жасайтын болады.

Мұнда әрбір зейнеткер өзіне ұнайтын нәрсемен тегін шұғылданатын болады, сондай ақ мұнда дәрігерлер мен психологтар кеңестер береді.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Балбаева Маржан Ертайқызы, Бостандық ауданы ардагерлері мен зейнеткерлері кеңесінің төрағасы Хамит Біржанов қатысты.

Белсенді ұзақ өмірдің аға буынына қолдау көрсету үшін жыл басында қабылданған Жол картасының аясында белсенді өмір сүру орталығы ашылды. Бағдарлама егде жастағы адамдарды белсенді өмірге сүруге тарту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге арналған.

 

«Біз барлық зейнеткерлерді орталыққа шақырамыз. Мұнда әр адам өзінің қалауы бойынша таңдау жасап, бос уақыттарын тиімді өткізумен қоса өз денсаулықтарын сауықтырып қайтатынына толық сеніммен айта аламын», - дейді «Асыл жүрек» орталығының директоры Рахимбаева Калимаш Тауфикқызы.

Орталықтың  мекен-жайы:

Алматы қ, Бостандық ауданы, «Гауһартас» ТК

Абай даңғылы 150/230, Гайдар көшесінің қиылысы

Байланыс тел: +7 707 228 30 40

05.11.2019