2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.02.2020

Бостандық ауданы әкімінің тұрғындармен есептік кездесуі жалғасуда


Бекітілген кестеге сәйкес Бостандық ауданы әкімі Алтай Рахыммбетовтың тұрғындармен есептік кездесуі  жалғасуда.  Бүгінгі кездесу  Алматы Энергетика және байланыс университетінде өтті.

Алтай Ергазыұлымен өтетін кездесулер  әрқашан толық залды жинайды - әр кездесуге  300-ге жуық адам келеді. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Азербаев, Алматы қаласы Мәслихат депутаты К. Авершин  қалалық және аудандық қызметтердің басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ПИК төрағалары және аудан тұрғындары қатысты.


Аудан басшысы аудиторияға  өзіне тапсырылған әкімшілік-аумақтық бірліктің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы айтып, тұрғындардың сауалдарына   жауап берді, қойылған сұрақтардың басым  көпшілігі аббаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық проблемалары төңірегінде болды.


Шара барысында аудан басшысы халық өмірін жақсартуға бағытталған барлық жұмыстар Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес жүзеге асырылатындығын атап өтті.


Тұрғындардың көшелерді жарықтандыру, тротуарлар мен жолдарды жөндеу, жаяу жүргіншілерге арналған алаңдар және басқа да көптеген проблемалық мәселелер туралы көптеген сұрақтар қойылды.


Алтай Ерғазынұлы қойылған барлық сұрақтарға жауап бере отырып, тұрғындардың сұраныстарын жүзеге асыру үшін аудан қызметтері басшыларына тапсырма берді.

Есептік кездесулер аясында кездесуге дейін және кейін аудан әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдайды.

Естеріңізге саламыз ауданы әкімінің  соңғы есептік кездесуі 2020 жылдың 08 ақпанында  сағат 12:00-де өтеді. Өтетін орны: «Нұр Алатау» шағынауданы, Тауасарұлы көшесі 33 үй, №189 жалпы білім беретін мектеп.

 

 

06.02.2020