Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.06.2017

Пробация қызметі ашық есік күнін өткізді.


  Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігінде Бостандық ауданы прокурорының бөлім басшысы кіші әділет кеңесшісі - Б.Ертаевтың төрағалық етуімен  және Бостандық ауданы прокуротурасының бөлімше прокуроры 2 санатты заңгер - Ермеков Е.С. қатысуымен «Проблемалық сұрақтар оларды шешу жолдары» тақырыбында  ашық есік күні болып өтті.

                                                                                                                                                                 

           

   Шараға аудандық жұмыспен қамту орталығының төрағасы, Бостандық аудандық ІІБ ЖПҚ аға инспекторы, полиция майоры – Амзеев Д., СП бөлімінің басшысы, Әділет капитаны – Қасымов Г.А., Бостандық ауданы пробация қызметінің жеке құрамы және  пробация қызметінде есебте тұрған қоғамнан оқшаулаусыз жазаға кесiлген азаматтар қатысты.

           

 Ашық есік барысында қатысушыларға түсіндірмелік ақпарат берген Бостандық ауданы прокурорының бөлім басшысы кіші Әділет кеңесшісі - Б.Ертаев  және СП бөлімінің басшысы, Әділет капитаны – Қасымов Г.А. болды.

 Сондай ақ болашақта қайтадан құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында қоғамнан оқшаулаусыз жазаға кесiлген азаматтармен тәрбиелік мәндегі әңгімелер жүргізілді. 

 Жиын соңында жазаға қартылғандарды жұмыспен қамту сұрақтары қаралып, қойылған сұрақтарға жауаптар  берді.

06.06.2017