Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

08.06.2017

Балалар үйіне қайырымдылық сапар жасалды


  Халықаралық балаларды қорғау күні аясында және «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыр мақсатында И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Абрахманова Айгүл Каметқызының басшылығымен Бостандық ауданы № 2 балалар үйіне қайырымдылық сапар жасады. 

             Қонақтарды балалар үйі ұжымы мен тәрбиеленушілері  жылы жүзбен қарсы алды. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері аталған балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жақын әңгімелесіп, тұрмыс тіршіліктерімен танысқаннан кейін барлық балаларға тәтті тоқаштар мен сусындар таратып берді.  Артынан И. Жакенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы атынан басты сыйлық  көгал шапқыш машинасын  тарту етті.

           

  Өз кезегінде   мекеме жетекшісі келген қонақтарға  назар бөлгендеріне алғыс білдіріп, рахметін айтып жеткізді. Артынан қонақтарды балалар үйімен таныстыру саясатын жасады.

08.06.2017