Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

09.10.2019

«Естуші мемлекеттік қызметші» жүзеге асуда


2019 жылдың 8 қазанында Бостандық ауданының әкімі Алтай Рақымбетов қала әкімінің тапсырмасымен «Естуші мемлекеттік қызметші» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында 18-ші округ тұрғындармен кездесті.

 

Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, Бостандық ауданы әкімі аппаратының бөлім басшылары қатысты.

 

Аудан тұрғындары үш сағат бойы әкімге өз проблемалары айтып жеткізді. 18 округ тұрғындары аулаларды абаттандыру кезінде жүргізілген жұмыстың сапасыз атқарылғанына шағымданып, мердігерлерден қалпына келтіруді сұрады.

 

Сондай ақ аула ішін жарықтандыру, мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үйлерді жаңғырту, тротуар салу, жасыл желектерді санитарлық кесу мәселелері көтерілді.

 

 Келесі кездесу бекітілген кестеге сәйкес  15 қазан күні сағат 15.00 - 18.00 аралығында М. Ганди атындағы № 92 Мамандандырылған   лицейде өтеді.  Панфилов көшесі, 205.

09.10.2019