Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.09.2019

Ауданда "Ашық есік күні" өтті


Бүгін, 10 қыркүйекте  Бостандық ауданы әкімі аппаратында «Еститін мемлекеттік қызметші» тұжырымдамасын орындау аясында аудан әкімі Алтай Рақымбетовтың  қатысуымен «Ашық есік күні" өтті.

 

Шараға  қатысқан 45-тен аса аудан тұрғындарынан түскен  сұрақтардың басым бөлігі аула ішінің  тазалығы, көше, ауланы жарықтандыру ,ауданды абаттандыру және сумен жабдықтау төңірегінде болды.

 

Аталған  шара бекітілген кестеге сай жалғасын табады. Келесі кездесу  17.09.2019 ж  Сатпаев көшесі, 69 мекенжай бойынша  №22 мектеп гимназияда өтеді. 

10.09.2019