Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

10.10.2019

Шаһар басшысы Алматы студенттерімен кездесті


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Алматы жастарымен кездесуі өтті.

  

Қала басшысы ҚазҰУ-дың философия-экономикалық факультетінің түлегі. «Мен үшін 85 жылдығын атап өтіп отырған туған университеттің мінберінен сөз сөйлеп, сіздермен қауышып отырғаным үлкен мәртебе. Мен мұнда оқып, достарымды таптым. Университет маған білім беріп қана қоймай, сонымен қатар менің өмірлік ұстанымдарым мен наным - сенімдерімді қалыптастырып, менің кәсіби мансабыма бастау берді», – деді Бақытжан Сағынтаев құттықтау сөзінде.

 

Қала басшысы студенттерге мегаполис болашағы жайлы айтып, «Алматы - 2050» ұзақ мерзімді даму Стратегиясы жоспарын таныстырды.

 

«Алматы болашағы – бұл кәсіпқойлар, ғалымдар, басқарушылар мен бизнесмендер жаңа буынының қаласы. Дәл сіздер, бүгінгі студенттер біз үшін баға жетпес адам капиталы болып табыласыздар. Сіздер Алматының жасылдануын сақтай аласыздар, өздеріңіздің табыстарыңызбен және жетістіктеріңізбен қаланы мүмкіндіктер мекеніне айналдыра аласыздар», - деп атап өтті әкім.

 

Жоба бірнеше стратегиялық басымдықтардан тұратындығы айтылды. Олар - Алматының Жаһандық «ақылды» қалаға айналуы және өмір сапасы бойынша топ-100 үздік қалалар қатарына ену міндеттерін жүзеге асыру.

«Қала халықаралық комуникациялардың жаһандық хабына айнала отырып «альфа» тобына енуі керек, Орталық-азиялық кеңістікте іскери және оқиғалар туризмінің бас орталығына айналуы тиіс. Ол үшін кең ойлап, озық әрекет ету және пісіп-жетілген мәселелерді шешуде үздік тәжірибелерді қолдануымыз қажет», - деді Сағынтаев мырза.



10.10.2019