Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.09.2019

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады


2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00 мен 17:00 аралығында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» (бұдан әрі БЖЗҚ, Қор) АҚ филиалы «Ашық есік күнін» өткізеді. 

Басты тақырып – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз».

Қор мамандары ерікті жарналардың артықшылығы туралы, оны қалай әрі кім сала алатыны және қашан алуға болатыны туралы айтып береді. Салымшы қандай сыйақы ала алады және оларды мұраға алу құқығы кімге беріледі?

Келушілер негізгі күн тәртібімен қатар «БЖЗҚ» АҚ филиалының жұмысын ұйымдастырумен танысып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қыр-сырын ұғына алады, сондай-ақ өздерін қызықтыратын мәселелердің барлығына қатысты білікті кеңес ала алады.

Іс-шараға қатысқан соң қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.

АҚ Алматы қаласындағы филиалының келесі бөлімшелерінде «Ашық есік күні» өтетінін еске саламыз:   

№1 Бөлімше          Алматы қ., Әуезов ауданы, Аксай-1 ықшамауданы,Толе би к-сі, 15 «Б».

№6 Бөлімше          Алматы қ., Медеу ауданы, Төлебаев к-сі, 38/61, литер «В» (Қонаев                                               көшесінен  кіру,   Мақатаев к-сі қиылысы).

№7 Бөлімше         Алматы қ., Алмалы ауданы, Шевченко к-сі, 80, (Желтоқсан к-сі қиылысы.)

 

Байланыс тұлға – Абуева Гулдана Нургалиевна

Байланыс телефондары – 8 727 330 9838, 8 778 888 7366.

 

11.09.2019