Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.11.2019

Ауданда жеңіл атлетикадан жарыс өтті


Бостандық ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында жастарды салауатты өмір салтына насихаттау және спортқа ынталандыру мақсатында Республикалық спорт колледжінің манеж залында жеңіл атлетикадан 100 метр, 200 метр, 400 метр, орнынан секіруден ұлдар және қыздар арасында жарыс өтті.

Спорттық сайысқа барлығы 15 команда тіркеліп, 210 жасөспірім қатысты. Жарыстың қортындысына сәйкес, І орынды Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі, ІІ орын Халықаралық бизнес академиясының колледжі, ІІІ орын Әділет колледжі алды. 

 

11.11.2019