Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

11.09.2019

«Отбасы күні» Бостандық ауданының АХАЖ бөлімі жас жұбайларды құттықтады


Өткен демалыс күндері Қазақстанда ең жылы және мейірімді мереке – Отбасы, махаббат және адалдық күнін атап өтті. Осы тамаша мерекеге орай Бостандық аудандық АХАЖ бөлімі жас жұбайларды құттықтады.

 

«Дені сау отбасы - салауатты ел» ұлттық мерекесі аясында Бостандық АХАЖ бөлімінің қызметкерлері жаңадан отау тіккен жұпты Отбасы күнімен және шаңырақ көтерулерімен құттықтады.

Жас жұбайларды АХАЖ бөлімінің жетекшісі Абсаттарова Фариза құттықтап, неке куәлігі мен гүл шоқтарын тапсырды.

 

Осындай маңызды шешімді қабылдап, шаңырақ көтерген жұп Алдаберген мен Мадина.

АХАЖ-ға өтініш берген кезде олар өздерінің некелері «Отбасы күні», қарсаңында болатындығын білмеді. Бірақ олар мұндай сәйкестікке өте қуанышты. Жастар бұл жақсы белгі оларға отбасылық өмірде көмектеседі деп үміттенеді.

11.09.2019