Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.10.2018

Қарттарды құрметтейміз


Бәріміз білетіндей, Қазан айы бойы қаламызда қарттар айлығы өтеді.

           

Оған ауданымыздың барлық ұйым, кәсіпорындары қатысуда. Соның бірі орталық қалалық клиникалық аурухананың Консультативтік-диагностикалық бөлім дәрігерлері «Қарттар айлығы» аясында қарт науқастарды тегін қабылдауда.

                         

Бұл ізгі шараға 20  білікті дәрігер мамандар қарттарды ерекше көңілмен қабылдап медициналық көмектерін тегін көрсетуде.

                             

 Осы уақытқа дейін ауданның 70-тен аса қарттары медициналық көмек алып үлгерді.

Шара мұнымен шектелмейді, жүре алмайтын аға буын өкілдерінің үйіне барып медициналық қызметтер көрсету одан әрі жалғасын табады.

12.10.2018