Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

12.11.2019

Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу бойынша түсіндіру жұмысы өтті


Халыққа медициналық және әлеуметтік қызметтер туралы хабардарлығын арттыру және тиімді қызмет көрсету мақсатында Бостандық ауданы әкімі аппаратында аудан тұрғындарына түсіндіру жұмысы өтті.

 

Шара аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева,  ЗТМО бас маманы Ибрагимова Р, Бостандық ауданы халыққа қызмет көрсету орталығының бас маманы Досимбетова Б., және Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының теңсіздік мүмкіндіктері бөлімінің бас маманы Султангазиев Аманат қатысып,   аудан тұрғындарына әлеуметтік қызметтер порталын іске асыру туралы еңгей тегжейлі түсіндіріп берді.

 

 Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі - портал) әлеуметтік-еңбек саласының біртұтас ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылады және мүгедектерге қаражат, қалпына келтіру қызметін тікелей жеткізушілерден дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Портал 6 нақты жағдайдың бесеуін цифрландыруды ұсынады (инватакси қызметтерін қоспағанда): - арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну; - оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету туралы, Алматы қаласы Әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің өкілі бүгінгі кездесуде осы және басқалары туралы толық айтып берді.

 Әлеуметтік қызметтер порталын енгізу TCP және ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсартады, оларды қабылдау уақыты мен мақсаттылығын азайтады, TCP мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтайды.

2019 жылдың 1 қарашасынан бастап елде портал пайдаланушылары үшін 1411 нөмірінде саll- center жұмыс істейді.


12.11.2019