Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.06.2017

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті


 «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалында Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы  өтті.

 Комиссия отырысына комиссия мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, мекеме басшылары, білім беру өкілдері қатысты.

           

  Отырыс барысында комиссия төрағасы Жұмабаев Бақытбек қысқа  хабарлама жасап, EXPO-2017 ашылуымен құттықтап, еліміздің жетістігін тізіп айта өтті.

  Білім басшылары партиялық бақылау ұйымының тәртіпке сай атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

          

  Партиялық бақылау мүшелері өткізілген  тексеру  барысында анықтаған бірқатар олқылықтар мен кемістіктерді атап, оларды жедел жоюға кеңес берді.  

  Отырыс соңында сөз алған Калима Жанатқызы: Жұмыстан босаған азаматтардың толтыратын айналма қағазына бірқатар толықтыру мен өзгертулер енгізуіне ұсыныс білдірді. Бұл ұсыныспен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары бірден келісті.  

13.06.2017