Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

13.08.2019

Аудан тұрғындарымен кезекті кездесу өтті


Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы және бекітілген кестесіне сәйкес, аудан аумағында орын тепкен "Bi Kumis" мейрамханасында Бостандық ауданы тұрғындарының мәселелерін шешу бойынша кездесу өтті. 

Шараға аудан басшысы Алтай Рақымбетов, әкім орынбасарлары мен қалалық басқарма өкілдері қатысты.



Өздерін толғандыратын сұрақтарына жауап іздеп келген 50 аса аудан тұрғындарына заң шеңберінде жауаптар мен түсіндірмелер берілді. Кейбір сұрақтар уақыт өткізбей шешімі табылып жатты. Қойылған сұрақтардың басым көбі аула ішінің тазалығы, жарықтандыру мен ауыз сумен қамту төңірегінде болды.




Тұрғындардың проблемаларын шешу кездесуі ары жалғасуда, келесі " Ашық есік күні"  №146 мектеп-лицейде 14 тамыз күні өтеді. 

13.08.2019