2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

16.03.2020

Алматы әкімі коронавирусқа байланысты мәлімдеме жасады


Қала әкімі өзінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында алматылықтарға арналған үндеуі жарияланды. Жазбада шаһар басшысы қала тұрғындарының арандатушылыққа алданып қалмай, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағдай режимін енгізу туралы шешім қабылдады. Себебі де белгілі. ДДҰ коронавирус індетін ресми түрде ғаламдық пандемия деп жариялады. Бұл инфекция біздің елді де айналып өтпеді. Індет тараған елдерден келген 6 отандасымыз қаладағы алғашқы инфекция жұқтырушылар ретінде тіркелді. Науқас азаматтар оқшауландырылды», – деп жазды Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шаралары қабылдануда. Мемлекет басшысының азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі тапсырмалары орындалады. Қаланың барлық қызметтері жұмылдырылды. Қолға алынуы тиіс жаңа іс-шаралардың жоспары әзірленуде.

Қала әкімі шаһардағы жағдай үнемі хабарланып отыратынын айтты.

«Тек ресми ақпаратқа сенім артуларыңызды сұраймыз. Жалған ақпарттардың таралуына жол бермейміз» деген Б. Сағынтаев, «қатаң тәртіп пен ортақ іске жұмыла білу – біздің вирусқа төтеп берудегі басты қаруымыз болуы тиіс» деп қорытындылады.

16.03.2020