2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

17.03.2020

Өзін-өзі оқшаулау немесе үй карантині: негізгі ережелер


Үйдегі карантин коронавирустық инфекция тіркелген елден шыққан күннен бастап, болмаса COVID-19 расталған немесе вирусты жұқтыруы ықтимал деген адаммен соңғы болған байланыстан кейін 14 күнге жалғасады.

Үй каранитинінің мақсаты - аурудың потенциалды көзінен COVID-19 жұқтыруы мүмкін екендігін ескертіп, сол арқылы Қазақстан аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.

Үйдегі карантин мынадай талаптарды/шарттарды сақтаған жағдайда мүмкін:
1. Жеке дәретханасы бар (жеке пәтер) жеке бөлменің болуы, онда байланыс жасаушы отбасының басқа мүшелерінен (көршілерінен) оқшаулана алады.
2. Байланыс жасаушы және отбасындағы/үй шаруашылығындағы жеке қорғаныс құралдарына (бетперделер, қолғаптар) қолжетімді және сақтық шараларын ұстануға (қолды сабынмен жиі жуу, үйге ылғалды тазалау жүргізу, бөлмені желдету)
қабілетті.
3. Үй шаруашылығында COVID-19 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоғары адамдар жоқ (65 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіреген немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар).
4. Стационарлық телефонға немесе ұялы байланысқа қолжеткізу мүмкіндігі бар.

Көрсетілген талаптарды сақтау мүмкін болмаған жағдайда карантин карантиндік стационарда жүзеге асырылады.

Үй карантинінде жатқан адамға арналған нұсқаулықтар:
- Үйден шықпау
- Егер пәтерде басқа отбасы мүшелері тұратын болса, жабық есігі бар, жақсы желдетілетін бөлмеде болу керек. Тек қажетті процедуралар үшін және аз уақытқа ғана бөлмеден шығуға рұқсат етіледі, ол кезде аузы мен мұрнын маскамен жабу керек.
- Түшкіргенде немесе жөтелгенде, вирустың таралуын болдырмас үшін аузыңыз бен мұрныңызды бір реттік сүлгімен жабыңыз. Одан кейін, қолды дереу сабынмен жуыңыз немесе спирттік негіздегі антисептикпен сүртіңіз.
- Тамақтанар алдында, сондай-ақ дәретханадан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеңіз. Қолды сүрту үшін бір реттік салфетканы қолданған дұрыс.
- Мүмкіндігінше жеке дәретхананы қолданған дұрыс.
- Қызу пайда болғанда немесе сырқаттану белгілері анықталғанда карантин туралы хабарлап және шағымданған себебіңізді айтып, КВИ бойынша колл-орталыққа жүгініңіз немесе жедел жәрдем шақырыңыз.

Үй карантинін қамтамасыз етіп отырған отбасы мүшелеріне нұсқаулықтар:
- Карантин бөлмесіне кіретін жанұя мүшелерінің санын қысқарту ұсынылады, артықшылық созылмалы аурулармен ауыратын бір сау адамға берілуі тиіс.
- Бөгде адамдарды кіргізбеу.
- Үй шаруашылығы мүшелерінің барлығы қолдарын жиі жуулары керек.
- Карантин бөлмесіне кірер кезде ауыз бен мұрынды жабатын тығыз жапсарлас медициналық маска кию қажет.
- Егер бетперде дымқыл немесе лас болса, оны дереу жаңа маскамен ауыстыру керек. Тиісті техниканы пайдалана отырып, бетперде алып тастау-яғни алдыңғы бөлігін ұстамаған жөн.
- Карантиндегі адаммен және карантиндік бөлмедегі, киіммен, төсек-орынмен және ыдыспен кез келген заттармен байланыста бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалану.
- Күн сайын карантиндегі адамның бөлмесіндегі беттерді тазарту және дезинфекциялау.
- Карантиндегі адамның барлық кір киімдерін жуғанға дейін оның бөлмесінде осы үшін бөлінген пакетте ұстау қажет. Кірді әдеттегі жууғыш заттармен жуыңыз.
- Карантиндегі адаммен заттарды бірлесіп пайдаланудан бас тарту.

Үй карантиніндегі отбасының/үй шаруашылығының барлық мүшелері үшін нұсқаулық:

- Барлығының дене қызуын күніне кем дегенде 2 рет өлшеу керек.

- Үйдің бөлмелерін күніне кем дегенде 2 рет желдету.

- Күн сайын ылғалды тазалық жүргізу.

- Қолды жиі сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикпен сүрту. Қолды сүртуге бір реттік салфетканы қолданған жөн.

- Отбасының/үй шаруашылығының әрбір мүшесіне жеке ыдыс-аяқ, гигиена құралдарын пайдалану.

- Бөгде адамдарды кіргізбеу.

- Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрыныңызды бір реттік салфеткамен жабыңыз. Одан кейін қолды сабынмен жуыңыз немесе спирттік негіздегі антисептикті қолданыңыз.


17.03.2020