2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Бостандық ауданы
әкімінің аппараты
Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіздер!
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

18.03.2020

Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев қалаға карантиннің енгізілгенін жариялады


Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына коронавирустың таралуының алдын алу үшін карантин енгізудің қажет екенін түсіндіріп, арнайы мәлімдеме жасады.


Белгілі болғанындай, Мемлекет басшысының Жарлығымен коронавирус пандемиясына байланысты халықтың тыныс-тіршілігі мен денсаулығын сақтау үшін барлық ресурстардың жұмылдыруға мүмкіндік беретін төтенше жағдай жарияланды.

Алматы аумағында вирус қаупіне қарсы алдын алу шаралары ДДСҰ-ның Қытайда коронавирустың шыққандығы туралы алғашқы хабарының жарияланысымен қаңтарда басталған болатын. Алматы әуежайында 2,5 айдың ішінде шұғыл қорғаныс шаралары өткізілді. 2020 жылдың 13 наурызында Алматыда COVID-19 алғашқы оқиғасы тіркелді. 2020 жылдың 17 наурызы бойынша Алматыда коронавирустың 15 оқиғасы тіркелді.

«Қала тұрғындарына қауіптің жылдам тарауы бізді жедел іс-әрекет жасауға мәжбүрлейді», - деді Алматы әкімі Б. Сағынтаев, оның ұсынысы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ететін Мемлекеттік комиссия 2020 жылдың 19 наурызы сағат 00.00-ден бастап қалаға карантин енгізу жөнінде шешім қабылдады.

«Алматыдағы карантиннің басты мақсаты – инфекцияның таралуын тоқтату. Міндет – қаланың сыртқы периметрін қатаң бақылауға алу және қала ішінде қатаң карантин режимін енгізу арқылы инфекцияның таралу жолын тоқтату», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Негізгі шаралар:

  • Мегаполисте өзін-өзі оқшаулау және үй карантині механизмдері арқылы эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды жүргізу.
  • Көшелерді, тротуарларды жуу және дезинфекциялау арқылы жұқтыру орындарын бұғаттау.
  • Қоғамдық орындарда, тұрғын үйлерде санитарлық-эпидемиологиялық дезинфекцияны күшейту және іргелес аумақтарды санитарлық тазалау.
  • Азаматтар мен автокөлік құралдарының Алматы қаласы аумағына кіруін/шығуын шектеу.
  • Алматы қаласына кіреберістерде 27 блок бекеттерін орнату.
  • Блок бекеттерінде Патрульдік полиция полкінің, СОБРдың, «Гранит» полкінің, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан бөлімшелерінің күштері жұмылдырылады.
  • Сонымен бірге, қалаға бірінші қажеттіліктегі тауарларды, азық-түлік өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді, жеке қорғану және гигиена құралдарын әкелу үшін «жасыл дәліз» жүзеге асырылады.
  • Карантин кезеңінде:

-      азық-түлік емес сауда нарықтары;

-      азық-түлік өнімдері мен дәрілік заттарды сататын орындардан басқа, ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады.

  • Біз тұрғындарға алматылықтардың карантин талаптарын білуі, қаладан уақтылы шығуы және кіруі үшін бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы толық және жүйелі түрде ақпараттар беріп отырамыз.
  • Коронавирусқа қарсы қалалық штаб туындаған мәселелерді жедел қарап, шұғыл шаралар қабылдайтын болады.

Алматы аумағында шектеу, алдын алу және індетке қарсы шаралардың толық тізбесі жақын арада қала әкімдігінің барлық ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

«Карантин қолайсыздық тудырып, әдеттегі қалыптасқан тіршілік дағдысын бұзуға мәжбүр етеді. Бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Карантин біздің ортақ қауіпсіздігіміз, қаланың, жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін енгізіледі. Төтенше жағдайда әрбір қала тұрғынының саналы әрекеті мен қоғамдық тәртібі өте маңызды», - деді қалалықтарға Алматы әкімі Б. Сағынтаев және ұстамдылық бен ынтымақтастықтың, сенімді іс-әрекеттің, өзара жанашырлық пен төтенше жағдай кезіндегі жауапкершіліктің қаланы қорғап қалатынын қоса айтты.



18.03.2020